Мәншүк Мәметова атындағы орта мектебі
(интеллектуалдық жарыс сабақ)
Бастауыш сынып мұғалімі :Сулейманкулова А. С
Сыныбы:2
Жамбыл облысы,Шу ауданы,Бәйдібек ауылы,
Сабақтың тақырыбы:Жұлдызды бестік
Сабақтың мақсаты:Оқушылардың негізгі пәндерден алған білімдерін терендету. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, ой-өрісінің жетілуін, тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру. Сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау. Оқушыларды жан-жақты сауатты, дарынды, озық болуға, еркін сөйлей білуге үйрету. Ой өрісін, сөздік қорын, тілін дамыту. Оқу-білімге, өнерге қызығушылығын арттыру, еңбек ете білуге, жылдамдыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Түрі: жарыс сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, топтық жұмыс.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайд,суреттер,тапсырмалар
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Кіріспе сөз: Армысыздар,құрметті ұстаздар,оқушылар "Ақыл озбайды, білім тозбайды" демекші, қазақ халқы ежелден бәйгені жарыс арқылы жеңіп алған. Бұрын жаяу жарыс, өгіз жарыс, құнан, тай жарыспен жеңіп алса, біз бүгін XXI ғасырда ғылым мен техниканың дамыған заманында білімімізбен жарыспақшымыз.
Бүгінгі ""Жұлдызды бестік"" интеллектуалдық жарыс сабаққа қош келідіңіздер!. Бұл жарысқа 2-сыныптың "Балапан", "Қошақан", "Қуырмаш", "Ботақан" атты топтары қатысады. (оқушыларды шақыру)
I. "Сәлем-сөздің анасы" демекші әр топ өздерін таныстыру.
1-топ:"Балапан" Ұраны:Білекті бірді жығар,білімді мыңды жығар.
2-топ:"Қошақан" Ұраны:Оқусыз білім жоқ,Білімсіз күнің жоқ.
3-топ:"Ботақан" Ұраны:Білімдіге дүние жарық,білімсіздің күні кәріп.
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>