ты ақпараттар алуға мүмкіндіктер болады. Америкалықтардың "Жаңа көкжиектер" (англ. New Horizons) атты ғарыш аппараты осы жылдың шілде айында аталған ғаламшар атмосферасына жетеді деп жоспарланған. Ал наурыз айында "Dawn" зонды Марс пен Юпитер аралығында айналатын астероидтар айлағындағы ең кіші ғаламшар болатын Церераға қонады. Церера - адам баласына белгісіз, сырты мұзбен қапталған астероид. Оның қыртысында табиғи тұтынуға болатын су бар болуы ғалымдар тарапынан тұспалданған. Ендеше Церера адам өмір сүруіне қолайлы мекен болуы да мүмкін. Әрине бұл жоспардағы жобалардың барлығы емес. 67Р/Чурюмов - Герасименко кометасына қондырылған "Розетта" (ағыл. Rosetta) модулінің жұмысы 2015 жылдың соңына дейін жалғасын таппақ. Ал Virgin Galactic ғарыш аппаратының сәтсіз жарылысқа ұшырауына қарамастан жеке меншік компаниялар жобаны соңына дейін жеткізуді мақсат еткен.
https://massaget. kz/layfstayl/bilim/zharatylystanu/24581/
Ә мәтіні
Ұшу аппараты
Ұшу аппараты -- планеталар атмосферасында немесе ғарыш кеңістігінде басқарылып ұшырылуға арналған құрылғы.
Ұшу аппараттар атмосфералық және ғарыштық болып екіге бөлінеді. Атмосфералық ұшу аппараттары ауадан ауыр (ұшақ, тікұшақ, планер, т. б. ) және ауадан жеңіл (аэростат, дирижабль, т. б. ) болып топталады. Ауадан жеңіл ұшу аппараттарын көтергіш күш аэростатикалық, ал ауадан ауыр аппаратты көтергіш күш аэродинамикалық құбылыс негізінде пайда болады.
Ұшу аппараттарының жіктелуі -- ұшу аппараттары негізгі белгілеріне қарай мынадай кластарға бөлінеді: көтерілу күшінің жасалу принципіне қарай ауадан жеңіл және ауыр аппараттар, экипаждың болуы немесе болмауына байланысты пилотты және пилотсыз, қолданылуына қарай бір жолғы және бірнеше мәрте қолданылатын болып бөлінеді. Қазіргі кезде
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>