ˆ
ê
摧瓗ðጀ 萎萏ꐓꐔ尀$葝葞摧㗴Төрт, бес, алты және тоғыз корпусты соқаның жер жырту тереңдігін тегіс алаңда реттейді. Соқа асылған тракторды тегіс алаңға шығарып, оның және соқаның доңғалақтарының астына қалыңдығы өңдеу тереңдігінен 1-2см кіші тақтайлар қояды. Жартылай аспалы соқалардың артқы доңғалақтары жерге тіреледі. Тірек доңғалақтар механизм мен трактордың аспа механизімінің винттерін бұрай отырып соқаның барлық корпустарының түрендерінің тұмсығы жерге тіреліп, ал өкшесі жерден 10 мм биіктікте орналасуын қамтамасыз ету керек. Жартылай аспалы соқада (17д сурет) болтты 29 бұрау арқылы соңғы корпустың атыз тақтайшасының ұшы мен жер беті арасында 1,5. . . 2см саңылау қалдырады. Өңдеу тереңдігін реттеуді егістікте аяқтайды.
Трактордың аспа механизмі арқылы соқа рамасын аңыз бетіне параллель орналастырады. Раманың бойлық және көлденең жазықтықтарда қисаюуы оның жырту тереңдігінің біркелкілігін бұзады. Рама алға қисайса, алдыңғы корпустар терең, ал артқылар таяз жыртады. Егер рама кейін қисайса, соқа жер бетіне шыға береді. Раманың бойлық қисаюын трактор аспасының орталық тартқышының ұзындығын өзгерту арқылы жояды.
Рама оңға қисайғанда бірінші корпус артқы корпустан терең жыртады, ал егер рама солға қисайса, керісінше болады. Раманың көлденең қисаюын трактор аспасынан көлбеу таяныштарының ұзындығын өзгерту арқылы реттейді.
Соқаның алым енін реттеу. Соқа корпусының жыртқан қыртысы ені басқа корпустарының жыртқан корпустарының қыртыстарының ендеріне тең болуы керек. Алдыңғы корпустың алым ені кем болса, соқа өнімділігі азаяды. Алдыңғы корпус алым ені трактор мен соқаның көлденең жазықтықта өзара орналасуына байланысты. Соқаны тракторға дұрыс тіркеу үшін оның алым енін және трактордың шынжыр табанының шеткі нүктелер қашықтығын ескеру қажет
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>