:
Ал енді бүгін сабақтың жұмыс жоспарымен танысайық :
1. Сақтардың мекендеген жері, сақ қоғамы
2. Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы
3. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
4. Сақтардың мәдениеті
5. Қорытынды тест
6. Бағалау
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Бірегей халықпыз бір қара тамыр,
Сақтардан басталады ата дәуір.
Қаны мен жанын берген туған жерге,
Бар қазақ бір-біріне туыс бауыр.
Деп осы өлең жолымен бүгінгі сабағымызды сақтар жерлеріне саяхат жасаудан бастаймыз. Слайд қосу
Ой шақыру стратегиясы:
Оқушылар сақтар туралы өз ойларын тездетіп айтып шығады. Деректерді рет-ретімен қою:
Оқушылар деректерді атап орын-орнына қояды.
Иран жазбаларында " жүйрік атты турлар" дейді
Ежелгі грек деректерінде " азиялық скифтер"д. а.
Парсы деректерінде "құдіретті еркектер"
Дәптермен жұмыс:
Оқушылар сақтарды басқаша қалай атағанын және қай жерде мекендегенін айтып береді.
Шошақ бөрік киіп жүретін сақтар (тиграхауда) ----Сырдарияның орта ағысы, Тянь-Шань, Жетісу
Теңіздің арғы жағындағы сақтар (Парадарайа) Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізінің маңы, Сырдария мен Амударияның төменгі ағысы
Хаома сусынын дайындайтын сақтар (Хаумаварга)Мургаб аңғары
Карта мен жұмыс: Сақтардың мекендеген жерлерін көрсету
Сақ тайпаларының қоныстануы
Шошақ бөрікті сақтар (тиграхауда)
-Жетісуда, Тянь - Шань тауларында,Сырдария өзенінің орта ағысында тұрды.
-Тиграхауда сақтары осы күнгі Ташкент қаласы аумағында, Солтүстік Қырғызстан Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жерінде өмір сүрген.
Сақ-парадарайа тайпалары
-Қара теңіздің солтүстігі,Арал теңізінің бойы мен Сырдарияның төменгі ағысын мекен еткен (теңіздің арғы жағындағы сақтар
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>