желілік адаптер, кабель, концентратор (HUB) немесе коммутатор (SWICH) қажет.
Желілік адаптер - компьютердің байланыс желісімен сәйкестендірілуін қамтамасыз ететін құрылғы.
Коммутатор мен концентратор ақпарат алмасу сапасын жақсартады және деректерді таратудың әр түрлі стандартын қолданатын желінің әр түрлі бөліктерін біріктіреді.
Сонымен, жергілікті желі дегеніміз - бір - бірімен қатар орналасқан компьютерді біріктіретін жүйелер (бір бөлмеде немесе бір ғимаратта, қатар орналсқан компьютерлер).
Жергілікті желінің екі түрі бар: клиент - сервер және бір деңгейлі (бір рангілі), яғни тең дәрежелі желі.
Сервер - ортақ пайдалануға арналған барлық ресуростарды қамтитын компьютерлер. Ортақ ресуростарды пайдалану үшін сервер қосулы болуы қажет. Серверге принтерлер, модем, ортақ қолданбалы программалар (мысалы, электрондық пошта), факстер және т. б. қамтылған ресуростарды толығынан қолдануға мүмкіндік береді. Бір деңгейлі желіде барлық жұмыс станциясы қайсы бір мағына сында басқалары үшін сервер қызметін атқарады. Олар ортақтастырылған желі ресуростарын бірден қолдана алады және ресуростарды бөлуді бақылап отыратын қуатты ортақ сервер компьютер болмайды. Бір деңгейлі желілердің маңызды ерекшелігі - онымен жұмыс істеу үшін арнайы программалық жабдықтың қажеті жоқ.
Жергілікті желідегі компьютерлердің бір - бірімен геометриялық байланысу тәсілі топология деп аталады. Байланыстыру топологиясының бірнеше түрі бар:
1. Шина - барлық компьютерлер тізбекті түрде бір кабельге жалғанады.
2. Сақина топологиясы деп аталатын желі байланысында барлық компьютерлер тұйық сақина түріндегі кабельге жалғанады.
3. Файлдық серверлерге негізделген желіде компьютерлер бір - бірімен жұлдыз схемасы түрінде жалғанады.
4. Егер мекеме көп қабатты үйде орналасса
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>