Жеке тұлғаға бағытталған оқыту: оқу процесін ұйымдастырудың негізгі түрі - сабаққа қойылатын талаптар.
Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой - өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасында басталады. Сондықтан да 12 жылдық білім беретін мектептегі оқыту процесі жеке тұлғаға бағдарланған оқыту принципіне негізделіп, баланың жеке ерекшелігіне қарай қоғамдағы өзгерістерге бейім даму мүмкіндігін айқындауды қарастырады.
Әдетте мектептерде балаларда қызығушылық пен көтеріңкі көңіл - күй туғызатын, өзіндік шығармашылық тапсырмалары көп сабақтар кеңінен қолданылады. Әрине мұның барлығы сабақтың тартымдылығын арттырып, оны қызықты да нәтижелі еткенімен жеке тұлғаға бағытталған сабақ деп санауға негіз болмайды.
Жеке тұлғаға бағытталған сабақ дегеніміз - бұл мұғалімнің шығармашылық орта қалыптастыруы ғана емес оқушылардың субъект ретіндегі тәжірибесін, жеке өмірлік тәжірибесін үнемі назарда ұстауы, сол тәжірибеге сүйенуі. Ең маңыздысы - әр оқушының ерекше болмысын, тұлғалық қасиеттерін мойындау. Жеке тұлғаға бағытталған сабақ дегеніміз - оқушыға деген құрмет, ізгі қатынас, оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылатын, олардың қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту жағдаяты , " сахналық" алаң. Бүгінгі " Мұғалімге көмек " рубрикасында жеке тұлғаға бағытталған оқыту: оқу процесін ұйымдастырудың негізгі түрі - сабаққа қойылатын талаптарға тоқталғанды жөн көрдік. Айтылғандардың кейбірі әрбір мұғалімге бұрыннан - ақ таныс, белгілі, күнделікті жұмысында кеңінен қолданылып жүрген жәйлар. Әйтседе, әр баламен жеке жұмыс жүргізуді қажет ететін жеке тұлғаға бағытталған сабақты жобалау және өткізу технологиясы мұғалімді жаңа, бұрын өзіне таныс емес кәсіби позицияға қояды: әр баланың жеке даму процесіне, оның тұлғалық қалыпт
Страницы: 1 | 2 > >>