Күні:
Білім беру саласы:"Таным"
Ұйымдастырылған оқу қызметі: "КМҰҚ"
Тақырыбы: "Әжеге қонаққа барамыз"
Мақсаты:"Бір" және "көп" ұғымдарын бекіту. Заттарды оң қолымен солдан оң жаққа орналастыруды үйрету. "Әжеге арналған моншақтар" (бір жіпке көп моншақтарды жинау) жаттығу ойыны.
Дидактикалық ойын: "Үй жануарлары"
Мақсаты: Үй жануарларын атай білу. Ой-өрісін кеңейту, тіл байлығын дамыту. "бір", "көп" ұғымдарын бекіту. Түйе - біреу. Боталар - көп. т. б. Балалардың түсініктерін бекіту.
Дидактикалық ойын: "Әжеге арналған моншақ"
Мақсаты: Бір жіпке көп моншақты оң қолмен солдан оң жаққа орналастыруды үйрету. "Бір", "Көп" ұғымдарын бекіту, түстерін ажырату.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, ойын, сұрақ жауап.
Көрнекі құралдар: Автобус макеті, жануарлар, таулар салынған суреттер, ағаш үй жабдықтары(сандық, ыдыс-аяқтар), түрлі-түсті моншақтар.
Қызмет кезеңдері
Тәрбиешінің қызметі
Балалардың қызметі
Мотивациялық қозғаушылық
- Балалар, бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық.
- Дос болып жүрейік,
- Ойнайық та күлейік.
- Достық деген тамаша,
- Міне, тұрмыз жараса.
Балалар бірге қайталайды.
Ұйымдастыру
іздестіру
- Балалар, біз бүгін автобусқа мініп, әженің ауылына қонаққа барамыз.
- Балалар, біз ауылға да жетіп қалдық. Енді асықпай автобустан түсейік.
Сол сәтте Әже келеді.
- Қане, балалар әжемен амандасайық.
- Әже, біздің балалар үй жануарларымен танысқысы келеді.
Әже балаларды үй маңында жүрген қойды қозыларымен, ешкіні лақтарымен таныстырады.
Дидактикалық ойын: "Үй жануарлары"
Сергіту сәті
Дөңгелене
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>