Күні: 18. 11. 2015 жыл 40 сабақ
Сыныбы: 7
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Жазғы демалысымды кімдермен өткіздім?
Грамматикалық тақырыбы: Етістіктің өткен шағы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жаңа сабақты толық түсіндіру. Жыл мезгілдері жайлы, ондағы өзгерістер мен ерекшіліктер жайлы мағлумат беру. Оқушылардың ой-өрісін дамыту үшін түрлі тапсырмалар орындау. Диалог арқылы өзара сөйлесе білуге үйрету. Өздігінен жұмыс істеу арқылы қорытынды шығаруға машықтандыру.
Дамытушылық: Оқушыладың дүниетанымын, сөздік қорын , көре отырып әңгімелеп беру қабілетін, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Жаз мезгілі туралы тәрбиелі әңгімелер айту, ағаштарды сындырмауға, өзендерді түрлі тапсырмалар орындау, ластамауға үйрену, табиғатты сүюге және қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, ойландыру, аударма, іздендіру.
Көрнекілігі: тірек сызбалар, жаздың суреті
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, түгендеу, оқу құралдарын қадағалау, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Сәлеметсіз беғ, мұғалім!
Кім бүгін кезекші?
Бүгін мен кезекшімін.
Кім сыныпта жоқ?
Сыныпта . . . . . түгел(жоқ).
Үй тапсырмасын ұқандай берілді?
Үй тапсырмасы. . . . . . . . . . . . . . .
ІІ. Үй тапсымасын тексеру:
Сұрақ - жауап арқылы өткен сабақты тексеру.
ІІІ. Тіл дамыту:
Бүгін нешесі?
Қай ай? Келесі қандай ай?
Қазір қай жыл мезгілі?
Келесі жыл мезгілі қандай?
Бүгін ауа райы қандай ? Бүгін күн ыстық па? Суық па?
Жаңбыр жауып тұр ма? қар жауып тұр ма?
Сенің атың кім ? неше жастасың? Сен нешінші сыныпта оқисың?
Әріптерден сөз құрастыру. Тақтада берілген.
ІҮ.
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>