Жаз, күз

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Жаканова Асемгуль Тлеукабыловна
" Балдырған " шағын орталығының тәрбиешісі
Павлодар облысы

Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Жаз, күз (сурет бойынша әңгіме құрастыру)
Мақсаты: а) Балаларды хабарлы сөйлемді қолдана отырып, сурет мазмұнына қарай әңгіме құрауға үйрету.
ә) Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға, әңгімеге араласып, сұрауға және сұраққа жауап беруге деген білігін дамыту, саусақ моторикасын дамыту.
б) Өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: күз, жаз.
Қолданылатын көрнекі құралдар: текшенің 6 жақ бетінде күз немесе жаз мезгілінің суреттері болу керек. Жаз және күз мезгілінің суреттері
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Педагогтің іс-әрекет
Балалардың іс-әрекеті


-
Мотивациялық - қозғаушылық
Ойын: "Ғажайып текше"
Мақсаты: күз және жаз мезгілдерінің ерекшеліктерін ажырата білу.
Шарты: балалар шеңбер болып тұрады. Текшенің 6 жағында күз және жаз мезгіліне сәйкес суреттер жабыстырылады. Мысалы: Сарғайған жапырақтар көрсе, ол - күз мезгілі. Балалар шомылып жатқан сурет түссе, ол - жаз мезгілі.



Балалар шеңбер болып тұрады. Балалар текшені ортаға айналдыра тастайды, қандай сурет түссе, соған жылдам жаз немесе күз мезгілі екендігін айтады.


Ұйымдастырушылық - ізденістік
Сұрақ-жауап: (орындарына отырады. )
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз айларын кім атап береді?
- Күз мезгілінің ерекшеліктерін кім біледі?
- Ал жауын қалай жауады?
- Оның дыбысы қандай?
- Судың дыбысы секілді тырс-тырс, тырс-тырс етіп жауады екен. "Тырс-тырс" соңында қандай дыбыс естіп тұрмыз?
- Салқын

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: