Сабақтың тақырыбы: ЖАЙ САНДАР ЖӘНЕ ҚҰРАМА САНДАР. 
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Жай сандар мен құрама сандар туралы ақпарат беру. Жай сан мен құрама санды ажыратуға үйрету. 
 Дамытушылық:Жай сандар және құрама сандар ережелерін пайдалана
отырып , есептер шығару дағдыларын қалыптастыру,өзіндік
жұмыс, өздігінен білім алу қабілетін, топта жұмыс істеу жəне
жеке тапсырмаларды орындаудағы өзіндік бағалау дағдыларын
дамыту. 
Тәрбиелік мәні: Топта бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу. 
Көрнекіліктер: слайд, жеке жұмыс парағы ,жапсырма қағаздары, түрлі-түсті қағаздар. 
І. Ұйымдастыру кезеңі (3 минут). 
Психологиялық дайындық. 
Қайырлы күн достым, - 
Қайырлы күн болсын. 
Сәрсенбінің әр кезі, 
Сәттілікке толсын. 
Біздің алар бағамыз, 
Кілең бестік болсын. 
1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
Көңіл-күйлерің қалай?Мен сендерге сәттілік тілеймін!
2. Сыныпты топқа бөлу(4 топқа бөлемін. (Сандардың қосындысы 5-ке, 9-ға, 7-ге, 10-ға тең)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (5 минут)
Үй тапсырмасын тексеру мақсатында 
«Ой қозғау» бойынша алынады. 
1. Егер сан 2-ге де,3- ке де бөлінсе, онда ол сан 6- ға да бөлінеді. 
2. Егер сан 3-ке де, 5-ке де бөлінсе, онда ол сан 15-ке де бөлінеді. 
3. Егер сан 5-ке де, 9-ға бөлінсе, онда ол сан 45-ке де бөлінеді. 
4. Егер сан 1-ге де, 11-ге де бөлінсе, онда ол сан 11-ге де бөлінеді. 
5. Егер сан 3-ке де, 4-ке бөлінсе, онда ол сан 12-ге де бөлінеді. 
6. Егер сан 7-ге де, 3-ке де бөлінсе, онда ол сан 21-ге тең
Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Жай сандар, құрама сандар. 
( Тақырыпты бүгінгі күнге жазады)
III. . Жаңа материалды игеру. (10минут)
«Миға шабуыл» 1. Мына натурал сандардың барлық бөлгіштерін табыңдар:2,5,6,8,11,
		Страницы: 1 | 2 | 3 > >>
