ырдың астына жиналады, жаңбырдың астында қалып қоймауы керек. Ойын балалар қалауымен бірнеше рет қайталанады.
2. Негізгі бөлім/оснавная часть:
Балалар сендерге жаңбыр жауғанда ұнайды ма?
Ал балалар сендер білесіңдер ме, жаңбыр қайдан жауады?
Дұрыс айтасыңдар, бұлттардан жауады.
Ал жаңбыр бұлтқа қалай айналатынын білесіңдер ме? Ендеше тәжірибе жасап көрейік.
Балалар қараңдаршы менің қолымда губкалар бар. Бұл губкалар біздің бұлттарымыз болады. Қане балалар губкаларды ұстап көріңдерші: олар дымқыл ма, әлде құрғақ па? Ауыр ма, жеңіл ме?
-Бізде балалар ыдыста су бар, ол бұлттың су ішетін өзені болады.
-Балалар бұлттарды суға батырайық. Ал енді айтыңдаршы, губка қандай болды?
- Дымқыл және ауыр деп жауап береді.
Губканы ақырын қыссақ, ол жай жаңбыр болады, ал қаттырақ қыссақ ол күшті жаңбыр болады.
Жеке жұмыс: Самрат сенде қандай жаңбыр пайда болды? Жай ма, әлде күшті ме?
Көрдіңдер ме балалар, бұлтқа осылайша су жиналып, бұлт толғанда жерге тамшы болып ағады.
Жаңбыр жауғанда қандай дыбыс естіледі?
"Тырс-тырс" деп қайталайды.
Сергіту сәті: "Жаңбыр"
Жаңбыр жауа бастады
Қатты жауа бастады.
Бәсеңдеді
Бұлттар тарқады
Жарқырап күн шықты.
Балалар қараңдаршы менің сендерге бір сыйлығым бар?
Бұл не? Сабынмен не істейміз?
Сабынмен тек қолымызды жумаймыз, сабынмен және сумен түрлі қызықты заттар жасауға болады екен. Үстелден не көріп тұрсыңдар?
Ал енді балалар мен суға сұйық сабынды құямын, түтікшемен оларды үрлейміз. Не пайда болды?
Дұрыс айтасыңдар, көпіршіктер.
3. Қорытынды/итоговая часть:
-Балалар біз бүгін немен таныстық?
-Жаңбыр қалай пайда болады екен?
-Жаңбыр жауғанда қандай дыбыс естіледі?
-Су және сабынмен не жасады
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>