Сабақтың тақырыбы:Жақсылық жан жадыратады.
Мақсаты: Оқушылардың "жақсылық" құндылығы туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері:
- жақсылық жасаудың адам өміріндегі мәнән ашу;
- жақсылықты түсіну, жақсылық жасау іскерліктерін дамыту;
- жақсылық жасауға тәрбиелеу;
Дәйексөз: Биік төбеге шықсаң,
Көзің ашылады.
Жақсымен сөйлессең,
Көңілің ашылады.
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Топқа бөлу
1 топ: "Жақсы туса- ел ырысы, жауын жауса-жер ырысы"
2 топ "Жақсы адам жолдасынан белгілі"
3 топ "Жақсы ат қартайса да жүрісінен танбас"
4 топ "Жақсының өзі өлгенмен сөзі өлмейді"
III. Ой қозғау Оқушылардан интервью алу
1. Жақсылық және жамандық дегенді қалай түсінесіңдер
2. Жақсы болу, жақсылық жасауды қалай үйренуге болады
3. Жақсы сөз айту жақсылыққа жата ма?
4. Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?
Оқушылармен бірігіп сабақтың мақсаты айқындау
IV. Мағынаны ашу
Оқулықта берілген Абайдың "23 қара" сөзін талқылау
1 топ- Түртіп алу стратегиясы (мәтіннің ішінен 1 сөлемді таңдап өздеріне түртіп алады, себебін айтады)
2 топ- Мәтіннің мағынасын ашатын сұрақтар құрастырады
3 топ- Мәтінді оқып жақсылық туралы көрініс көрсетеді
4 топ- Мәтін бойынша постер жасайды
V. Тыныштық сәті Релаксациялық музыка ойнайды
VI. Рефлексия Бүгін сабақта не түйдік
Мен жақсылық жасай аламын, өйткені. . . . . (сөйлемді жалғастырады)
Страницы: 1