көңіл-күйін көтеру - бәрі өмір сүріп жатқан қоршаған ортаға тәуелді екені анық. "Жасыл экономика" бағы- тын таңдаудың негізінде осындай ғұмырлық істерді ілгерілетіп жатырмыз. Мұны жүзеге асыру кезінде азаматтар еңбек етумен қатар,ненің тиімді,неңің залалды екенін танып,білсе екен дейміз. Ауылдың көркеюі, өсіп-өнуі арқылы халықтың тұрмысын оңалтуға болады 5. Олар- дың айналысып отырған шаруасына сай экология талаптарынан мағлұмат беру біздің басты міндетіміз саналады. Әсіресе, пайдаға аспай жатқан жерлерді игілікке жарату, су көздерін зая жібермеу жағы да өзекті проблемалардың бірі болып есептеледі. Ал, қала, ауыл, елдіме- кендердегі құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде экологиялық талаптарды сақтай отырып, көгалдандыру ісі биік дәрежеде болуын ойластыру керектігі түсінікті. Кейбір ескі ғимараттарды бұзып орнына жаңа тұрғын үй немесе мекеме мекенжайын тұрғызу барысында экологиялық талаптарбірінші кезекте ескеріліп, көгалдандыруға бөлі- нетін жер алдынала жоспарлы түрде шешілсе, ұтылмасымыз анық. Өмірдің нәрі де, әрі де су екені мәлім. Тіпті, кейбірөзен-көлдердің ернеуінен төмендеп бара жатқаны қай-қайсы- мыздың да жанымызға батпай қоймайды. Бұл тұрғыдан келгенде, Мемлекет басшысының "Қазақстан-2050" Стратегиясында: "Соңғы 60 жылда Жер шарында ауызсуды пайдалану 8 есе өсіпті, осы жүзжылдықтың ортасына қарай, көптеген елдер суды сырттан алдыруға мәжбүр болады. Сумен қамтамасыз ету проблемасы біздің елімізде де өткір болып отыр. Бізге сапалы ауызсу жетіспейді. Бірқатар өңірлер оның зардабын қатты тартуда", деп қадап 53 айтуы тегін болмаса керек 6. Біздің елде сумен қамту мәселесі өте күрделі. Өйткені ағын- сыз бассейндер және көл бетінің булануының жоғары деңгейі,сондай-ақ Қытайдан,Ресей- ден,Өзбекстаннан және Қырғызстаннан басталатын трансшекар
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>