зірде Алматы қаласында нашақорлықтан емделетін диспансерлік орталықтар жұмыс істейді.
2000 жылы республикамыздың есірткі бизнесі аумағында 20 мыңға жуық қылмыс тіркелген. Барлығы 30 тоннаға жуық түрлі есірткілер тәркіленген. 2002 жылдың 9 айында есірткі айналымына байланысты 14687 қылмыс тіркелді.
Оқушыларға сұрақтар қойылады:
1. Есірткінің кең тараған түрлері қандай?
2. Тәуелділік дегеніміз не?
3. Тәуелділіктің белгілке?
4. Есірткінің ағзаға әсері және зардаптары?
5. Нашақор адамның достары бар ма?
6. Есірткіні қолдануға не итермелейді? (қызығушылықтан және жаңа сезімге талпыныстан. Адам өзіне белгісіз нәрсені сынағысы келеді. )
Қонақ:Естеков Шәріп -- аудандық нарколог дәрігері ортаға шақырылады.
-- Ақтоғай ауданыбойынша есепте тұрған нашақорлар бар ма? Тіркелген бе?
Маскүнемдік - алкоголь ішімдіктерін үнемі қолданудан және шектен тыс үйір болудан қанға сіңіп кететін дерт. Ағзаның бірқатар қызметін бұзатын және тереңдей беретін кесел. Алкоголь ішімдіктеріне құнығу жолдары:
1. Тұрмыс жағдайындағы маскүнемдік.
2. Бас жазу синдромы немесе үнемі ішкісі келу.
3. Ішкен ішімдік мөлшерін бақылауды жоғалту.
Алкоголь ішімдіктеріне тым үйір адамның өмір ұзақтығы - халықтың орташа өмір ұзақтығымен салыстырғанда 15-20 жас кем. Баланың миының дамуының 40-60 пайыз артта қалу себебі ата-аналарының маскүнемдігі.
Қазақстанда халықтың басым көпшілігі алкоголь ішімдіктерін пайдаланады, оның ішінде балалар-7 , жасөспірімдер-37 , жастар-54,5 . Бұл балалар мен жасөспірімдердің ата-аналарының біреуі не екеуі де маскүнемдікке салынған жандар екені анықталған.
Оқушыларға сұрақтар қойылады:
1. Ішімдік деген не?
2. Ішімдіктер адам ағзасының қандай мүшелерін зақымдайды?
3. Ішімдіктің болашақ анаға, ан
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>