Жасөспірім және зиянды әдеттер

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

ТАҚЫРЫБЫ: "Жасөспірім және зиянды әдеттер"
Мақсаты: Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратының ескерту. Есірткі, ішімдік және темекенің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы түсіндіру.
Өту орны: Акт залы
Ұйымдастырушы: Хасенов Ердос Қанатұлы
Қатысушылар:
-- 1-2-3 курс студенттері.
-- Жүргізуші: Хамитова Раушан Маралқызы
-- Эксперт қонақтары ата - аналар комитетінің төрағасы Жоламанов Ж, нарколог Ш. Естеков, СӨС дәрігері С. Берімхан)
-- Топ жетекшілер, ата - аналар
Көрнекіліктер: Көрме "Зиянды заттар", видеоролик, номинациялар, слаидтар, жағдаяттар.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата - аналар, ұстаздар және оқушылар! Сіздермен, бүгінгі ток шоуды бастауға рұқсат етіңіздер! Өмір - адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның ұзақ, мәнді де сәнді өмір сүруінің негізгі - оның денсаулығы. Денсаулық адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселенің бірі - адамның денсаулығы. Адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларға соғыс, ашаршылық, экологиялық жағдай және адам ағзасын улайтын зиянды әдеттер болып табылады.
Сонымен, бүгінгі тақырып: "Жасөспірім және зиянды әдеттер" бүгінгі ток - шоуымызды "Сонымен, солай дейік. . . " бағдарламасы негізінде өткізгелі отыр.
Адамның өмірі тамаша, сәулетті көктем емес пе? Еліміздің әрбір адамы қалауынша өмір сүруге құқылы. Ал енді өмір туралы, денсаулық туралы ойланып көрейікші. Адам өмірі ғажайып нәрсе болғанымен, қас қағым сәтте үзіледі. Сол жіпті үзетін дерт- наша, темекі, арақ. <

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: