Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстан

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстан!
Мақсаты: Желтоқсан оқиғасын насихаттай отырып, желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау; жас ұрпақты еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Өз жеріме өзім ие болған күн,
Тілім таза бостандығын алған күн.
Елтаңбам мен көк байрағым желбіреп,
Тарихыма өшпес белгі салған күн.
- Құрметті балабақша ұжымы және балалар. Бүгін бізде үлкен мереке Тәуелсіздігімізді алғанынымызға 25 жыл толып отыр. Тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Бұл күн қазақ халқының ұлттық тарихында алтын әріппен жазылған күн. Ал бүгінгі қазақ елі ата-бабалар аңсаған тәуелсіз, егемен ел.
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде халықтасын
Қазағымның қастерлі - Әнұраны!
Әнұран орындалады.
Тәрбиеші: Әрине, желтоқсан оқиғасынан кейін қол жеткізген "Біз қазақ ежелден еркіндік аңсаған", "Әрбір ұлттың өз көсемі басқарсын", "Тәуелсіздік керек" деген ұрандар арқылы жеткен. Тәуелсіз Республика-ол біздің Қазақстан Республикасы. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қазақ жастары құрбан болды. Олай болса, 1986 жылы болған желтоқсан оқиғасынан үзінді көрейік. Осы оқиға құрбандарын бір минутқа еске алайық.
1-бала:
Жамбыл Туған жерге нұр шашып жарық берген.
Қуаныш пен мол бақыт алып келген.
16-желтоқсан шуақ болып,
Тәуелсіздік еліме алып келген.
2-бала:
Бекжан Тәуелсіздік- бар халықтың ұраны,
Тәуелсіздік- бейбіт өмір шырағы.
Тәуелсіздік-бақыт таңы халқымның,
Тәуелсіздік, Тәуелсіздік жыр әні.
3-бала
Сабина Біз тілейміз бар бөбек,
Бақытты өмір сүргенін.
Туған елге еркелеп
Қуанғанын, күлгенін.
Тәрбиеші: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қаз

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: