Жас ұрпақты лайықты түрде тәрбиелеу

Страницы: 1 | 2  >  >>

Жас ұрпақты лайықты түрде тәрбиелеу

Мектепке дейінгі ұйым - бұл дамуға ұмтылған, жаңа мүмкіндіктерді іздеген, баланың, жанұяның, қоғамның сұраныстарын қанағаттардыруға қажетті жағдайларды жасайтын, педагогтардың шығармашылық және кәсіби жұмыстарын жағдаймен қамтамасыз ететін мекен.
Сол мекеменің бір кішкентай болса да, басты бөлшегі-тәрбиеші.
Көрнекті тұлға Ахмет Байтұрсынұлы: "Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын" деген екен. Бұл жолда үлкен ізденіс, парасат қажет. Тәрбиешінің әр күні ізденіспен, ертеңгі азаматты қалыптастыру жауапкершілігімен ұштасып жатады. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын лайықты түрде тәрбиелеу - біздерге артылған аса жоғары міндет.
Оның маңыздысы бүлдіршіндердің көкірегін рухани қазынаға толтыру. Ойын арқылы тілін дамыту дағдыма айналған. Өйткені, менің міндетім жас ұрпаққа қазыналы да бай ана тілі - қазақ тілін сіңіру.
Қиындығы мен қызығы, ауыртпалығы мен жауапкершілігі қатар жүретін осы еңбектің жолындағы педагогикалық ұстанымым - үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр тәрбиеленушімнің бойынан жылт еткен жақсылықты, талап пен талантты тауып, бұлақтың көзін ашу, биікке жетелеу, сондай ізденістер арқылы биік мақсаттарды орындау. Бұрынғы ұстанымдарды ұстана бермей баланы жаңарту, жаңғырту да тәрбиешінің міндеттерінің бірі. Заман талабына сай азамат тәрбиелеу үшін тәрбиеші де үнемі оқу мен ұмтылста болуы қажет. Бүгінгі мектепке дейінгі білім беру жүйесіне, оның сапалы мазмұнын жаңғырту мәселелеріне айырықша көңіл бөлінуде.
Қазақстан Республикасының Призеденті Н. Ә. Назарбаевтың халқына жолдауында "Біздің жұмыстарымыздың білім беру саласындағы басымдықтарында бүкіл әлемдегі сияқты Қазақстан мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу керек "деген болатын

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: