ликасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 3 сәуіріндегі 115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.
Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқу бағдарламасының тізбесі «Білім беру ұйымдарында 2012-2013 оқу жылында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік» кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттерінің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 қаңтардағы
12 бұйрығымен анықталған.
Жас маманға сынып журналының жүргізілуіне нұсқау
Сынып журналы қара сиямен толтырылады.
Журналда түзету енгізілмейді.
Пән мұғалімі сынып журналын бекітілген күнтізбе негізінде толтырады
Мұғалім оқушылардың білімдерін ұдайы тексеріп, білімін бағалауға, сондайақ қатысуын белгілеп отыруға міндетті. Журналдың ашылған бетінің сол жағында мұғалім сабақтың болған күнін жазуға, сабаққа қатыспағандарды «ж» әрпімен белгілеуге міндетті.
Мұғалім журналдың ашылған бетінің оң жағына өтілген сабақтың тақырыбын және үй тапсырмасын жазуға міндетті.
Біріктірілген сабақтар өткізгенде әр сабақтың күні мен тақырыбы жазылуы тиіс.
Жазбаша жұмыстар бойынша бағалар сол жұмыстар өткен күні көрсетілген бағанға жазылады.
Жазба жұмыстарының нақты тақырыбы көрсетіліп жазылады.
«Үй тапсырмасы» бағанында тапсырманың мазмұны және оны орындау сипаты (оқу, жатқа айту, т. б. ), беттері, тапсырма және жаттығу нөмірі жазылады.
Журнал толтырарда бірінші бағаннан келесі бағанға шығып кету қатаң ескертіледі.
Жас маманды мұғалімдердің лауазымдық міндетімен таныстыру
1. Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері білім беру ұйымдарының жарғыларымен, ішкі тәртіп ережелерімен және қ
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>