лық көркемдік етене байланысып, адамның әдептілік мұратын қуаттап тұр.
Әдептілік осы тұрғыдан адам баласының асыл мұраты ретінде ұлы шығыс поэзиясында қызықты әрі мол жырланады. Мысалы әлемге әйгілі «Ләйлі - Мәжнүн» ғашықтық дастанында екі ғазиз жастың кіршіксіз махаббаты әдептілік пен көркемдіктің біте қайнасқан бірлігі ретінде өте әсерлі бейнеленген. Шындығына келгенде әдепті әсемдіктен бөліп қарауға болмайды. Өкінішке орай бүгінгі таңда осы жағындағы тәрбиенің жеткіліксіздігінен, жалпы отбасы мен мектепте эстетикалық және этикалық тәрбиеге жете мән берілмегендіктен ақсайтынымыз анық. Мәселен адамның киім киюінің өзі үлкен тәрбие екендігін аңғара бермейміз. Кейбір адамдар сұлулық деп әйтеуір сәнді, қымбат киім кигенді түсінетіндей. Кісінің киген киімі шаш қойысы мен тарасы, түр-түсі оның қайталанбас өзіндік келбетін қалыптастырады. Әйтпесе, адам жеке даралық, өзіндік келбетінен айырылып қалады. Кейбір қыздар мен ер балалар осы жағын ескермегендіктен жұрт көзіне ала бөтен оғаш көрініп немесе күлкіге ұшырап жүргендері де жоқ емес.
Әсіре сәншілдік, әсіре боянымпаз – сыланымпаздық сияқты, бойын күтпеу, олпы-солпы киіну, сақал-шашын, тырнағын уақытымен алып, таз ұстамау, аяқ киімінің бауын ұқыптап байлап, майлап, тазартып кимеу сияқты әдеттер де көркемдік тәрбиедегі кемістіктер болап табылады.
Мәселен Әл-Фараби былай деген екен: «Музыкалық әуендер жақсы мінез-құлық машықтарын, адамның қоғамдық мұраттарын қалыптастыруда елеулі роль атқарады. . . . Музыка мен ән адамда эстетикалық сезімдерді туғызу арқылы кісінің өзін-өзі тәрбиеленуіне, бойдағы нашар қасиеттерден арылуына ықпал етеді» - десе қазақтың халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы: «Домбыра – қазақтың қасиетті дүниесі. Оны тарта алмасаң да, қадірлей біл. Себебі баланың бойына халықтың рухани байлығын сіңіру
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>