Жалғау, оның түрлері

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақтың тақырыбы: Сыйластық. Жалғау, оның түрлері.
Көптік, тәуелдік жалғаулары

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:әрбір сөздің белгілі бір ұғымды білдіретінін, сөйлемдегі сөздердің орны мен өзара мағыналық байланысы болатынын түсіндіру.
Дамытушылық:өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, жазба тілін, байланыстырып сөйлеуін дамыту. Шығармашылық қабілеттерін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік:білімпаздыққа, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Ынталандыру: оқушылар алған білімдерін болашақта тәжірибе барысында жүзеге асыруы қажет.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, өз бетімен жұмыс, СТО әдістері.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың көрнекілігі:сандықша, интерактивті тақта, кеспе қағаздар.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Жаңа материалды меңгертуге арналған жұмыс түрлері
Мұғалім алдымен бүгінгі сабақтың тақырыбына оқушылардың назарын аударады. Сабақ тақырыбына байланысты тіл дамыту, оқушы қызығушылығын ояту мақсатында 1-тапсырма бойынша ой қозғау сұрақтарын береді.
Сөздік дегеніміз не?
Сөз құрамы дегеніміз не?
Сөз құрамының түрлерін ата?
ІІІ Жаңа сабақ
Адамның басшысы - ақыл, шолушысы - ой, жетекшісі - талап, қорғаушысы - сабыр, сынаушысы - халық, таусылмайтыны - арман, ең қымбаттысы - ар сақтау, бәрінен ардақтысы - өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі - сыйластық.

1 тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып, жалғау түрлерін айтыңыз.
1. Қазақ. . . қымыз. . . көбінесе, жылқы терісі. . . жасалған саба. . . , торсық. . .
ашытады. 2. Өзім. . . бақыт. . . бөлеген Қазақстан. . . мақтан ете. . . 3. Мәди өзі. . . білген өнер. . . жолдастар. . . үйретуден жалықпайды. 4. Құс. . . ұя. . . шығар мезгілі т

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: