у және бағалау сабағы. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі
Топқа бөлу
Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы
Адамның күлкісі - әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
Үй тапсырмасын сұрау
Үй жұмысы жазылған тапсырмаларды орындау
Қызығушылықты ояту
Ана тілі
Ана тілі- әкеңнің, анаңның тілі, туған халқыңның тілі. Ана тілін біз кішкентай кезімізден анамыздың ақ сүтіндей бойымызға сіңіреміз. Ол- біздің өмір бойы өзгелермен ұғынысатын қарым-қатынас құралымыз.
Тіл- бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Ол әр халықтың жазуы жоқ кездегі кітабы, мектебі жоқ кездегі ұстазы болған.
Ана тілін жақсы білмей тұрып сауатты сөйлеу, сауатты жазу мүмкін емес. (59сөз)
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
Сергіту сәті
Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
Ой толғаныс
Мақалдың мағынасын түсіндір
Үй тапсырмасы
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау,ереже жаттау
Күнделіктеріне жазады
Бағалау
Бағалау парақшаларын толтыру.
Страницы: << < 183 | 184 | 185 | 186 > >>