псырмасын сұрау
Есіңе түсір. Жаңа сабаққа қатысы болғандықтан, есім сөздерді "Жұлдызды сәт" ойыны бойынша қайталау.
1. Зат есім қандай сөз табы? - (Есімдер тобы).
2. Зат есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді? - (жалпы, жалқы, деректі, дерексіз).
3. Жалпы, жалқы зат есімдер. - (біркелкі заттарды, құбылыстарды жаппай атайтын сөздер; арнайы берілген есімдер мен атауларды - жалқы есім дейміз.
4. Сын есім қандай сөз табы? - (Есімдер тобы).
5. Мағынасына қарай нешеге бөлінеді? - (сапалық және қатыстық сын есім).
6. Туынды сын есімдер қалай жасалады? - (жұрнақ арқылы есім сөзден де, етістіктен де жасалады).
7. Құрамына қарай сын есім нешеге бөлінеді? - (дара және күрделі сын есім).
8. Сан есім қандай сөз табы? - (Есімдер тобы).
9. Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді? - ( есептік, реттік, болжалдық, топтау, жинақтық, бөлшектік сан есім болып 6 - ға бөлінеді).
10. Сан есім құрамына қарай неше түрге бөлінеді? - (дара және күрделі).
Жауап берген оқушыларға жұлдызша беріп отырамын.
Қызығушылықты ояту
Жіктеу есімдіктерінің үш жағы және жекеше, көпше түрі болады. Жіктеу есімдіктері: мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар.
Жекеше түрі Көпше түрі
І. Мен (айтушымын, сөйлеушімін) І. Біз (айтушылармыз, сөйлеушілерміз)
ІІ. (анайы) Сен (айтушысың, сөйлеушісің)
ІІ. (сыпайы) Сіз (айтушысыз, сөйлеушісіз) ІІ. (анайы) Сендер (айтушыларсыңдар, сөйлеушісіңдер)
ІІ (сыпайы) Сіздер (айтушыларсыздар, сөйлеушілерсіздер)
ІІІ. Ол (айтушы, сөйлеуші). ІІІ. Олар (айтушылар, сөйлеушілер)
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.
Қосымша шығармашылық тапсырмалар.
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
Сергіту сәті
Страницы: << < 118 | 119 | 120 | 121 | 122 > >>