шының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы
Адамның күлкісі - әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
Үй тапсырмасын сұрау
Ереже әлемі
Алфавит
Аа Әә Бб Вв Гг Ғғ
Дд Ее Ёё Жж Зз Ии
Йй Кк Ққ Лл Мм Нн
Ң Оо Өө Пп Рр Сс
Тт Уу Ұұ Үү Фф Хх
Һ Цц Чч Шш Щщ ъ
Ыы Іі ь Ээ Юю Яя
Дауысты дыбыстар
Дауысты дыбыстар тілдің қатысу қалпына қарай:
жуан және жіңішке;
жақтың ашылу қалпына қарай: ашық және қысаң; еріннің қатысу қалпына қарай: еріндік және езулік дауысты дыбыстар болып бөлінеді.
Жуан дауыстылар: а, о, ұ, ы
Жіңішке дауыстылар: ә, ө, ү, і, е, и
Ашық дауыстылар: а, ә, о, ө, е
Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и
Еріндік дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у
Езулік дауыстылар: а, ә, е, ы, і, и
ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР
1. Қатаң дауыссыздар: к, қ, х, п, ф, с, т, ш, щ, ч, ц.
2. Ұяң дауыссыздар: б, в, г, ғ, д, ж, з, Һ.
3. Үнді дауыссыздар: й, л, р, у; м, н, ң.
Буынның түрлері
Бір дауыстыдан тұратын
не дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталатын буынды
ашық буын дейміз.
Мысалы: а-та, ә-ке, і-ні, ба-ла.
Дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталған буын
тұйық буын деп аталады.
Мысалы: ат,ет,ұн,ант,ұлт,өрт
Дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталатын буынды
бітеу буын дейміз.
Бітеу буында кемінде 3 дыбыстар болады: дауыссыз-дауысты-дауыссыз.
Мысалы: мал, құс, қыс, тарс, жалт.
Қызығушылықты ояту
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.
Страницы: << < 8 | 9 | 10 | 11 | 12 > >>