а,бір сәтке көзімізді жұмып, өзімізді ормандағы гүлді алаңға саяхатқа барғандай сезінейік. Біз орманға барар жолда жалықпауымыз үшін "Жаз" туралы Е. Ерботиннің өлеңін бірге оқып үйренейік.
Балақай-ау,балақай.
Жаз келді-ау алақай!
Жалаң аяқ жүреміз
Балақты да түреміз,
Көлден балық сүземіз.
Мұғалім:Міне, балалар,біздер орманға да келіп қалдық . (түрлі-түсті қағаздан қиылған гүлдер бейнеленген орман алаңқайы)
Орман ішінде сайраған құстардың әсем әні естіледі,қане тыңдап көрелік (құстардың дауысын естірту) түрлі-түсті көбелектер ұшып жүр. Барлық тіршілік ән салып,би билеп жүрген секілді. Қараңдаршы әдемі гүлдер көп пе,аз ба?
Түстері қандай?
Ақ гүл,көк гүлдер өте көп екен. Ақ гүл көп пе, көк гүл көп пе?
Осы гүлдерді біздерде саусақпен сала аламыз . Қане өзіміздің өнерімізді көрсетейікші. (балалар ақ парақтың бетіне көк, қызыл,сары түсті пайдаланып саусақпен гүлдерді салады)
Сергіту сәті:
Біз гүлдерше өсеміз
Жапырағы жайқалады.
Сабақтары салалы
Жерге ырғалып шайқалады.
Мұғалім: балалар,мінекей біздің әдемі гүлдеріміз жаз мезгілін көрікті қылып тұр. Қазір біздер көбелек болып ұшып балабақшаға жетіп алайық. Міне ,тамаша,сендер ормандағы жаз мезгілін байқап көрдіңдер. Қараңдаршы мына суретте балалар не істеп жүр?
Суға шомылып жатыр, гүл теріп жүр,балалар жеңіл киім кіпті - деп балалар сурет бойынша әңгімелейді.
Қорытынды: Міне ,балалар жаз мезгілінің үш айын білеміз,басқа мезгілдеден айырмашылығын да білеміз. Сендерге жаз мезгілі ұнай ма? Әрине бәрімізге де ұнайды екен деп сабақты аяқтау.
Страницы: << < 1 | 2