ндеше, біз сіздермен бүгін орманға барамыз.
Ал біз орманға келдік.
Балалар орманда жабайы жануарлар тұратынын білесіздер ме?
Орманда қандай аңдар тұрады?
Аю, қасқыр, түлкі, қоян.
Бұл қандай аң екен?
- Аю - жабайы аң, ол орманда тіршілік
етеді. Оның басы, денесі, төрт аяғы бар. Аюдың баласын не дейді?
- Аюдың түсі қандай?
Балалар аю қыста не істейді,нені жақсы көреді?
Аю туралы кім тақпақ айтып береді?
2. Бұл қандай аң екен?
- Қасқырдың түсі қандай?
- Қасқырдың түсі көк, тісі өткір болады.
- Қасқыр қайда мекендейді?
3. Бұл қандай аң екен?
Балалар түлкі туралы не білесіңдер?
- Түлкінің түсі қандай?
Түлкінің денесі қасқырға ұқсас болып келеді, бірақ қасқырға қарағанда тұмсығы
ұзын ба қысқа ма?
4. Бұл қандай аң екен?
Қоян- жабайы аң. Оның құлағы ұзын. Төрт аяғы бар.
- Қоян нені жақсы көреді?
- Қоянның түсі қандай?
- Қоянның түсі қыста ақ, жазда сұр болады.
Жұмбақтар.
Көлеңкесінен қорқып безектейді,
Ал,оның баласын "көжек" дейді.
Қаңғырамын үйім жоқ.
Ауылдардың қойы көп.
Ұрлық, зорлық кәсібім.
Тамақтанар - нәсібім.
Өзі қу, әрі айлакер,
Жүрген жері айқай шу.
Тәтті көрсе бас салар,
Айнымайды баладан.
Билингвальді компонент: жабайы - дикие ,аңдар - животные,қоян -
заяц,түлкі - лиса,аю - медведь,қасқыр - волк.
Сергіту сәті.
Бала, бала, балақай.
Кәне, қайсы алақай.
Саусақтарын айбат.
Былай былай ойнат.
Дидактикалық ойын. "Суретті құрастыр".
-Қәне, балалар орнымыздан тұрып келген қонақтармен қоштасайық
Біз ақылды баламыз
Айтқан тілді ал
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>