ем.
Аю қалай жүреді,
Кім көрсете біледі?
Қоян қалай жүреді,
Кім көрсете біледі?
Түлкі қалай жүреді,
Кім көрсете біледі?
Қасқыр қалай жүреді,
Кім көрсете біледі?
Тиін қалай жүреді,
Кім көрсете біледі?
-Жақсы балалар, енді орталықтарда жұмыс жасаймыз. Бүгін "Құрылыс" және "Өнер" орталақтарында жұмыс жасаймыз. "Құрылыс" орталығында жабайы аңдарды құрастырамыз. "Өнер" орталығында тиінге арнап саңырауқұлақты мүсіндейміз.
Балалар екі орталыққа бөлінеді.
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы-қырлы жерлерден,
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын салып көзінің,
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
Қорытындылау:
-Балалар, бұл аңдар ертегілерде, мультфильмдерде мейірімді, қайырымды болып келуі мүмкін. Бірақ бұл аңдар бір сөзбен айтқанда - жабайы жыртқыш аңдар. Бірақ жыртқыш аңдар екен деп бұларды көп аулауға болмайды, азайып кетеді.
-Балалар бүгінгі жиыннан қандай әсер алдыңдар, сендерге ұнады ма? Немен айналыстыңдар? Не үйрендіңдер?
Біздің топта ұл-қыздар,
Тату-тәтті ойнаймыз.
Әлемдегі бар адамға,
Тек жақсылық ойлаймыз.
Ержанова Сайран Николаевна
Тәрбиеші
3 "Ертөстік" бала бақшасы МКҚК.
Көкшетау қаласы.
Страницы: << < 2 | 3 | 4