Жабайы аңдар

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

аю, қасқыр - жыртқыш аңдар қатарына жатады. Солардың ішінде арыстанды - аң патшасы деп атайды.
Балалар, аңдардың да пайдасы бар . Олардың терісінен тон, ішік, жаға, киім-кешектер жасалады.
Дидактикалық ойын: "Немен қоректенеді?"
1. Қасқыр, жолбарыс- өзінен кішкентай аңдарға шабады.
2. Түлкі - ұсақ кеміргіштер, көбінесе тышқандармен қоректенеді.
3. Қоян - шөптермен қоректенеді. Ең сүйікті тағамы - сәбіз.
4. Аю -жазда жеміс - жидектермен, бал жейді, ал қыста ұйқыға кетеді.
Аюдың баласы - қонжық,
Қасқырдың баласы - бөлтірік,
Қоянның баласы - көжек,
Арыстанның баласы - абдай,
Жолбарыстың баласы - шөнжік,
Түлкінің баласы - мышан.
Осы жабайы аңдарға байланысты жұмбақ айтамын
1. Ит сияқты пішіні,
Ұнатпайды кісін.
-бұл жұмбақтың шешуі: -қасқыр
2. Жазда қырады,
Қыста тынығады.
-бұл жұмбақтың шешуі: -аю
3. Орғыған қорқақ көзі еді,
Қыс пен жазда тон киеді.
-бұл жұмбақтың шешуі: -қоян
4. Қу екен аңдардың бір сәтте алдадым.
-бұл жұмбақтың шешуі: -түлкі
-Өте дұрыс, сендер, жұмбақты да шеше білесіңдер.
Сергіту сәті
Қасқыр ағаш жарады,
Түлкі кілем қағады.
Елік тамақ пісіріп,
Қоян тамды жабады.
Кірпі көйлек тоқиды,
Тиын сабақ оқиды.
Аңдарға байланысты кім өлең оқып береді?
Жанна:
-Өзім айлакер,өзім бір қу,
Жүрген жерім айқай да шу.
Бекболат:
Қасқыр жортар түнімен,
Күндес болып күнімен.
Қасқыр жортар түнімен,
Аңыз болып айменен
Айша:
Ақ қоян-ау ақ қоян,
Үркек қоян сақ қоян.
Дыбыс шықса қашасың,
Белден бірақ асасың.
Бағлан:
Аю отыр партада,
Екі қолы қалтада
"А"деді, "Б" деді,
"Р"-ға тілі келмеді
-Ал енді,балалар,аңда

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: