"Жаңарту жағдайында М. Монтессори әдістемесі"
Ұрпақ тәрбиесін жаңа құндылықтар негізінде жетілдіру қоғам алдында тұрған ауқымды істердің бірі, сол себепті де мектепке дейінгі мекемелерде балалардың ақыл-ойын дамытуды жаңа көзқарастар негізінде талдау - кезек күттірмейтін іс
Мектеп жасына дейінгі баланың бойына ақыл - ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл - ой еңбек мәдениетін дарыту ең алдымен балаға сенсорлық тәрбие беруден бастау алады. Сенсорлық тәрбие мәселелерінде Мария Монтессоридің сенсорлық тәрбие жүйесінде өз бейнесін тапқан позициядан принципиалды айырмашылығы бар позицияны ұстанады. Оның пайдаланған дидактикалық материалдар өзін-өзі бақылау принципіне сәйкес жасалған, мұның өзі балаларға педагогтың катысуынсыз, өз бетімен шұғылдануына мүмкіндік береді.
Мария Монтессори жүйесі - бала дамытудағы алғашқы сұранысқа ие болған әдістемелердің бірі. Монтессори жүйесі бойынша балалардың дамуы - ол еркіндік және дисциплина, қызықты ойын және күрделі жұмыстардың бір уақытта орындалуы.
Мария Монтессори өзінің педагогикалық әдістемесін дидактикалық дайындалған ортадағы баланың өз бетінше даму жүйесі деп атаған.
Қазіргі таңда біздің балалабақша бұл әдістемені 3-6 жас аралығындағы балаларға қолданып, кең ауқымды қамтып отыр.
Біздің бұл бұл әдісті қолдануымыздағы мақсаттардың бірі әдістеме негізі балаларды өзіндік тәрбиелеу мен өзіндік дамыту жүйесінде негізгі көңіл өзінділікті, көру, есту, иіскеу, дәм сезу сезімдерін дамытуға бөлінеді және қол моторикасы. Бұл жүйеде бірдей талап пен білім беру бағдарламасы жоқ. Балабақшамызда әр бала өз бетінше , тек өзін қызықтыратын іспен айналысады. Тек өзімен ғана жарыса отырып, балада өз күшіне деген сенімділік туады, не үйренгенін өз бетінше игереді.
Монтессори жүйесінің ең н
Страницы: 1 | 2 > >>