Жаңа технологияларды тиімді қолдану арқылы студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

тастырудың негізгі жағдайлары:

- оқытудың мазмұны, ғылым мен техниканың соңғы табыстары, бұрыннан білетін мағлұматтың жаңа қырынан ашылуы;

- оқушылардың таным әрекетін ұйымдастыру формалары, құралдарын және әдістерін жетілдіру.

Бұған жататындар сабақта қолданылатын көрнекі құралдардың тиімділігін арттыру, танымдық ойындар ұйымдастыру, пәнаралық байланыстарды тудыру, студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, білім тексеру мен бағалаудың алуан түрлерін ұтымды пайдалану арқылы оқытудағы кері байланысты жетілдіру.
Ал, шығармашылық тұлға қалыптастыру үшін оқушының өзін - өзі тануына өзіндік "менін" қалыптастыруға, сол "меннен" шығармашылық тұлғаға жетуіне ықпал жасау әр мұғалімнің міндеті.
Шығармашылық тапсырмалардың өзін студенттердің қабілетіне, пәнге деген сүйіспеншілігіне байланысты оқуға қойылатын талаптарын басшылыққа ала отырып, жүргізген жөн. Ол үшін оны түрлендіре әрі орындауға жеңіл етіп берген тиімді болмақ. Бір сабақтың өзінде бірнеше тапсырма ұсынып, таңдап орындауды баланың өз қалауына қалдыру керек. Өте жемісті тәсілдердің бірі - тапсырмаларды жүйеге бөліп, студенттің біліміне, қабілетіне байланысты ұсынуға болады.

Студенттерге қойылатын талап:

-Алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу;

-Қорытынды жасап отыру.

-Қосымша материалдар табу, іздену.

-Өзін - өзі талдауды, өзін - өзі бағалай білуді меңгеру;

Оқушының болашақта мамандық таңдау, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты. Бұл мақсатта жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесін шығармашылық ынтамен меңгеру және пайдалану қажет. Жаңашыл педагогтер оқушының жеке тұлғалық абройын барынша құрметтеуге, оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктер

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: