Жаңа жыл мерекесі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>


Қош келдің! Жаңа жыл.
Залдың ортасында сәнді шырша. Жүргізуші:Даламызға,қаламызға, Жаңа жыл кіріп келеді. Қартыңызға,балаңызға Жалынды сәлем береді. Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар, Таңырқанып тұрмаңыздар. Сәнді шырша шақырады. Шырша жырын жырлаңыздар. Жүргізуші:Қараңдаршы балалар,айналаға. Сондай әдемі,өздеріңде әдемі болып кетіпсіңдер.
Мынау не?Жамылғы ғой балалар. Бұл жамылғы шыршаның түбінде неғып жатыр шамасы біреудің жамылғысы ғой деймін балалар, Бұл жай жамылғы емес екен жарқыраған,әдемі жұлдызды жамылғы. -Сендер білесіңдерме,бұл кімнің жамылғысы?-Иә,бұл ертегі елінен келген қуыршақтың жамылғысы. Балалар мен жаңа айтып өттім. Бұл жай ғана жамылғы емес,жаңа жылда не тілесек,тілегімізді орындайтын жамылғы екен. Ендеше жамылғының сыйқырлы жұлдызшасын ұстап, сыйқырлы сөзді айтайық не болар екен?Балалар:Ертегі,ертегіТаңырқат біздерді. (Ән әуенімен Қуыршақ келеді)Қуыршақ:Мен сүйкімді Қуыршақпын Шығыс елінен келдім,мен ертегі айтқанды жақсы көремін. Сендер сияқты кішкентай бүлдіршіндерден тақпақ естігенді жақсы көремін, сендердің шыраға арнаған қандай тақпақтарың бар?
Жүр: кане , балалар, шыршаға арнаған тақпақтарымызды айтып берейік.
Тақпақ: "4-бала"
Ән: "кішкентай шырша" (балалар отырады)Жүргізуші:Қуыршақ, біз сенің жамылғыңды тауып алдық. Қуыршақ:-Рахмет,менің сыйқырлы жамылғымды тауып бергендеріңе. Мұндағы әрбір жұлдыз ертегіге айналады. Жұлдызшаны қолымызға алсақ,ертегілер елінен бірақ шығамыз. -- (деп жамылғыны қолына алады. ) Жүргізуші:Балалар, Қуыршақ жұлдызшаны қолына алды,сыйқырлы сөзді айтуымыз керек.
Балалар:Ертегі,ертегіТаңырқат біздерді. (Барлығы бірге айтады). (Ән әуенімен Алладин ,қолында шамы бар келеді)Алладин:Қолындағы шамды уқалай бастайды. (Жарық өшіп,үлкен ірі сиқыршы шығады. )Сиқыршы:У-ух-хо-хо-ха-ха(Ал

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: