Жаңа ақпараттық технологияның ерекшелігі-шығармашылыққа жол

Страницы: 1 | 2  >  >>

Жаңа ақпараттық технологияның ерекшелігі-шығармашылыққа жол.

Қазіргі таңда бастауыш сынып балаларының таным белсенділігі мен қызығушылығын қалыптастыруға септігін тигізетін оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін білім беруде орынды пайдалансақ, ол өзінің сипатын береді - оқушының жаттығу жұмысы нәтижесінде деңгейлері көтеріледі; - пәнге деген қызығушылығы артады; - логикалық ойлау мен шығармашылық іс-әрекетке қабілеті артады. Білім берудің бастауыш сатысы-тұлғаның даму іргетасы,оқу әрекетін қалыптастыратын жауапты кезең. Бұл кезеңде баланың есте сақтау қабілеті, қабылдауы төмен болғанымен, білуге құмар,барлығын көзімен көруді ұнатады. Осыған орай, бастауыш сыныптағы баланың қабылдау мүмкіндігін ескере отырып, дамып жатқан оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдалану ең маңызды іс болып отыр.
Бастауыш сатыда әрбір пән бойынша оқушылардың оқу жетістіктерінің өлшеуіштер тәсілдері ретіндегі деңгейлік тапсырмалар жүйесін дайындауға болады. Оқушының дайындық деңгейін саралау оқушының жеке танымдық мүмкіндігін ескерудің басты тәсілі ретінде қарастырылуы тиіс. Тапсырмаларды білімді қабылдауға бағдарланған іс-әрекеттік модель ретінде қарастыруға болады. Оқытудан күтілетін нәтижелер тізбесін негізге ала отырып, әртүрлі деңгейдегі тапсырма түрлерін ауызша тексеру, жазбаша тексеру, тапсырма беру, жауапты талдау тапсырмалары, бір ғана дұрыс жауабы бар тапсырмалар, ашық және еркін жауабы бар тапсырмалар, түрлі практикалық сипаттағы тапсырмалар түрінде қарастыруға болады.
Тапсырмалардың мұндай түрлері оқушының іс-әрекеттік - компетенттік тәсілге (өз бетінше іздену, өз бетінше білім алу, өзін-өзі білім алуға тәрбиелеу, дамыту) бейімделуіне мүмкіндік береді.
Мектепте оқытуды технологияландыру қазіргі нарықтық экономика жағдайында өмір талабынан туындап отыр. <

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: