Газдалған сусындардың зияны

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

еп жазады газет. Дұрыс тамақтану қозғалысының американдық белсенділері өндіруші-компанияның "Колаға" карамелдер түс береді деп мәлімдеме жасауы - жалған. Шындығында, олардың айтуына қарағанда, ол толығымен жасанды канцерогендердiң қарақошқыл балқымаларынан тұрады. Бұл заттар организмге түсе отырып, қатерлі ісікке алып келетін формальдегид-канцерогенге айналатын метил спиртін бөледі. Оның ағзаға пайдасы бар деген пікірмен келіспеймін. Себебі адамның орталық жүйке жүйесін белсендендіріп, жұмыс істеу қабілетін арттыруға бағытталған бұл сусындардың құрамында кофеин, таурин сияқты қоспалар бар. Оларды белгілі мөлшерден көп қолданса, адамның энергиясы немесе бұрын байқалмаған қандай да бір ауруы қозады. Қозудың әсерінен адам әлсірейді. Ол бірден байқалмағанымен, уақыт өте келе тұрақты тұтынушының денсаулығы күрт нашарлауы мүмкін. Өнім адамға қосымша қуат береді деу - қате пікір. Аты "энергетик" болғанымен, заты оған сай емес. Керісінше, бойдағы бар энергияны артығымен жұмсап, түгелімен шығарады. Былайша айтқанда, адамның энергиясын өзінен "қарызға алады". Мәселен, "Кока-кола", "Пепси" сусындарының денсаулыққа кері әсері бірден анықталған жоқ қой. Жиырма жылдан кейін ғана белгілі болды. Қазір, яғни бұлардың зияны анық дәлелденген уақытта ғана аталған өнімдердің отаны Американың кей штаттарында оларды сатуға мүлде тыйым салынып жатыр. Біз де осы бағытта біраз жұмыстарды қолға алудамыз. Нақты айтсам, "Кока-кола" мен "Пепсиді" мектептерде сатуға тыйым салынуда. Жақында осыған байланысты еліміз аймақтарының әкімдіктеріне ұсыныс хат жолданды. Сол сияқты энергетикалық сусындардың құрамын да мүмкіндік болған кезде ғылыми тұрғыда зерттеп, сауда нүктелерінен кез келген уақытта алып тастауға болады. Бірақ дәл қазіргі

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: