Футбол ойыны

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Футбол ойыны

Ойынның негізгі ережелері. Футболды әрқайсысында 11 ойыншысы бар екі команда ойнайды. Ойын ұзындығы 100-110 м, ені 60-75 м болатын тік төртбұрышты тегіс көгалдарда өткізіледі.
Қарсылас екі команданың ойыншылары ойын барысында өздерінің таңдап алған шабуылдау және қорғаныс тәсілдерін ұйымдастыру жүйелерінің шеңберінде техникалық - тактикалық тәсідер мен қимылдарды пайдалана отырып,қарсыластарының қақпасына көбірек доп соғуды,сонымен бірге өз қақпаларына доп өткізбеуді көздейді.
Ойыншыларға алаңда қолын допқа тигізуге тыйым салынады. Допты қолмен ұстауға немесе қағуға тек қақпашының ғана айып алаңның шегінде еркі бар.
Ойынның ұзақтығы - әрқайсының 45 минут уақытты болатын 2кезеңдік ойын. Мектеп оқушыларында оның ұзақтығы, ойыншылардың саны, жасы және дайындығына байланысты әр түрлі болады.

Бір командаға ойыншылар саны Ойынның уақыты

Кезең саны Әр кезеңнің Үзілістің
ұзақтығы ұзақтығы (мин)
3 2 15 5
4 2 15-20 5
5 2 20 5
6 және одан көп болса 2 25 5-8

















АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ

І Пәні: Дене тәрбиесі
ІІ Пән мұғалімі: Тумарбаев Жасулан Талгатович
ІІІ Өтілетін сыныбы: 5 - сынып
ІV Өтілетін мерзімі: 16. 04. 2016ж
V Өтілетін орны: Мектептің спорт алаңы.
VІ Сабақтың тақырыбы: Футбол ойыны
VІІ Сабақтың мақсаты а) теориялық Футболдағы ең негізгі әдісті үйрету және шеберлікті шыңдау.
ә) жетілдіру: Өз алдына шұғылдануға қажеттілігі мен қабілеттігін арттыру.
б) тәрбиелік: Ойындардың тәрбиелік мәніне назар аудару.
VІІІ Сабақтың түрі: Ойын-сабақ
ІХ Сабақтың әдісі: Жеке және жалпы жұмыс жасау, жан - жақты түсіндіру.
Х Құрал-жабдықтар: Ысқырық, доптар, секунд - санағыш, жалауш

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: