Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы мекені
"Ж. Ақылбаев атындағы эксперименталдық мектеп-гимназиясы" КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Аманбекова Айгүл Мекенбайқызы
Сауат ашу
Тақырыбы: Фф дыбысы мен әрпі.
Мақсаты: 1. Фф дыбысы және оның әрпі таңбасымен таныстыру, ф дыбысы бар сөздерге мысалдар келтіру арқылы олардың сөздің қорын молайтып, сөйлемдер құрату арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету, дыбыстық талдау жасату;
2. ойлау қабілетін, қиялын, зейінін дамыту, жазуға қолдарын жаттықтыруға дағдыландыру,
3. әдемі, сауатты жазуға баулу.
Көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер, текше, буындар
Әдісі: түсіндіру, көрнекілік, сұрақ - жауап, көрнекілік.
Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) психологиялық жаттығу
2. Өткен сабақты еске түсіру.
- Балалар, бүгінгі сабағымыз күндегіден ерекше болмақ. Мына суретте нені көріп отырсыңдар? - Түлкіні
- Ол қандай аң? - Қу, айлакер
- Дұрыс. Қу түлкі ормандағы барлық аңдарды алдап кеткен екен. Сол үшін оны орманнан қуып жіберіпті. Оны ормандағы аңдармен достастырайық.
а ) Тиіннің тапсырмасы:
- Біз өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық ? (Вв дыбысы және әрпі)
- В дыбысы қандай дыбыс ?- сөздің қай жерінде кездеседі?
-Дауыссыз, ұяң.
ә) "Сөз ойла, тез ойна" ойыны
велосипед вагон
автобус В вокзал
вафли
- дыбыстық талдау жасату
б) В дыбысына байланысты өлең шумағын сұрау.
3. Жаңа сабақ.
а) жұмбақ шешу.
- Ине, ине, көп ине
Іс тікпейді әрине. (кірпі)
- Кірпінің аты - Фархат. Ол да орманда тұрады. Егер Фархат тәтті бірдеңе тауып алса, қуаныштан - фь, - фь, - фь - деп дыбыс шығарады, ал қасқыр мен түлкіні көрсе, домаланып - ф - ф - ф - дейді.
Кірпінің тапсырмасы: ә ) жұмбақ шешу
- Қо
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>