14 сабақ
Күні
Тобы
Сабақтың тақырыбы: Файлдармен жұмыс жасайтын командалар
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік:
MS DOS операциялық жүйесінде файлдармен жұмыс жасайтын командалармен танысу;
Дамытушылық:
оқушылардың компьютерді одан әрі тереңірек білуіне жол ашу пәнге деген қызығушылығын, жалпы ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік:
оқушыларды еңбекке баулу, жауапкершілікке, еңбекке, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: теория
Оқытудың әдістері мен әдістемелік амалдары: демонстрация, түсіндірмелі
Көрнекті оқу құралдары мен техникалық құралдар: ДК, MS DOS операциялық жүйесі
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру бөлімі. Аудитория тазалығын тексеріп, оқушыларды кіргізу, журнал бойынша сабақта жоқ оқушыларды белгілеу.
Өткен сабақты тексеру
Файлдарды құру командасын атаңыз
Файлдарды редакторлеуге арналған команда
Файлдарды көшіру кезінде қандай шаблондар қолданылады
Каталогтарды растаусыз жою
Файлдар мен каталогтарды экранға шығаруда қандай кілттер қолданылады
Жаңа сабақты түсіндіру
Файлдарды көшіру-COPY командасы
COPY командасының бірнеше түрі бар.
Бірінші түрі: Атын өзгертпей көшіру.
COPYж:маршрутфайл аты. түрі ж:маршрут
Файл басқа жинақтауышқа немесе басқа бумаға өз атымен көшіріледі.
Екінші түрі: Атын өзгерте көшіру.
COPY ж:маршрутфайл аты. түрі ж:маршрутфайл аты . түрі
Файл басқа жинақтауышқа немесе басқа бумаға жаңа атпен көшіріледі.
Мысалдар:
C:copy a:. c:
Бұл команда А:дискісінің барлық файлдарын С:дискісінің ағымдық бумасына көшіріледі.
C:copy work DOS
Бұл команда WORK бумасының барлық файлдарын DOS бумасына көшіреді.
C:copy docabc
Бұл команда ABC бумасының барлық файлдарын түпкі бумаға көшіреді.
C:c
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>