Сабақтың тақырыбы: Фалес теоремасы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Фалес теоремасының тұжырымдамасын
білу, дәлелдей білу, дәлелдей білу, алған білімді есеп
шығаруда қолдана білу. Кесіндіні циркуль мен
сызғыштың көмегімен тең кесінділерге бөле білу.
Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін, жазу, есте
сақтау, сызбамен жұмыс істеу қабілеттерін, дағдыларын
дамыту.
Тәрбиелік: Дәлдікке, ұқыптылыққа, іскерлікке баулу
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Өткен сабақты қайталау.
Циркуль мен сызғыштың көмегімен салу есептерін өткенбіз. Циркуль мен сызғышты пайдаланып кесіндіні тең екі кесіндіге қалай бөлетін едік? Қалай салатынын тақтада бір оқушы көрсетеді.
Ал енді кесіндіні циркульмен сызғышты пайдаланып үш, төрт, бес т. б. кесінділерге қалай бөлуге болады? Бұл сұраққа жауап беру үшін ежелгі грек математигі Фалес теоремасын қолданады екенбіз.
3. Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Фалес теоремасы
а) Тарихына тоқталу
Фалес Милетский грек ғалымдарының тұңғышы б. э. д. 625-547 жылдар шамасында өмір сүрген. Бүгінгі өтетін теоремамыз кесіндіні циркуль мен сызғыштың көмегімен тең бөліктерге бөлуге қолданылады. Фалес диаметр дөңгелекті қақ бөлетінін, тең бүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрыштары тең болатынын, вертикаль бұрыштардың теңдігін, үшбұрыштардың теңдігінің бірінші белгісін алғаш дәлелдеген. Б. ж. с. бұрын 585 жылғы 28 майда болған күн тұтылу құбылысын алдын ала, алты ай бұрын айтқан. Гректер дүниеде жеті-ақ адам данышпан болып туады депойлаған, Фалес солардың біріншісі деп есептеген.
ә) Фалес теоремасы.
Егер бұрыштың қабырғаларын қиятын параллель түзулер оның бір қабырғасында тең кесінділер қиса, онда олар екінші қабырғасында да тең кесінді
Страницы: 1 | 2 > >>