Ф дыбысы

Страницы: 1 | 2  >  >>

Пәннің аты:
Қазақ тілі
Уақыты:
Кабинет: 17
Мұғалім
Г. Н. Ильясова
Сабақтың атауы
Ф дыбысы
Сілтеме
Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы
Үлестірмелі парақшалар
Жалпы мақсаттар
а) білімділігі:оқушыларға Ф ф дыбысы мен әрпін таныту,оның сөз ішіндегі ерекшелігін мeңгерту
ә)дамытушылығы:сөйлеу мәнерін,оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын,сөздік қорларын,топпен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту
б)тәрбиелілігі:Отанын,елін,жерін сүюге тәрбиелеу. Ұқыптылыққа,сауатты жазуға,оқуға дағдыландыру
Сабақтың түрі: жаңа білім беру
Әдісі:сұрақ-жауап,әңгімелеу, ойын ойнату, мадақтау, СТО стратегиялары
Көрнекілігі: мазмұнды суреттер, дыбыстық белгілер, кеспе әріптер,буындар,үлестірмелер, интерактивті тақта,слайдтар
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту,дүниетану
Оқыту нәтижесі

Топқа бөлу
Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем беріп сіздерге
Бас иеміз біз.
Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын.
Үй тапсырмасын сұрау
Өткен сабаққа байланысты сұрақтар қою
Қызығушылықты ояту
А)Жұмбақтар оқу,шешу.
1. Қыста дем алып,жазда тынбайды,
Көкке атылып жерге құлайды. (фонтан)
2. Өңкей сығай екі топта,
Таласып жүр бір допқа (футболшы)
3. Жасыл желек көгалда,
Бірде артқа,
Бірде алға,
Желаяқ көп бала
Таласып жүр бір шарға (футболшылар)
-Сонымен,сиқырлы әріптер әлемі бүгін бізді қандай ды

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: