Эвфемизм мен дисфемизм

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

жұмыртқаламай)
1. Шошқаға ерген балшыққа аунар.
(шошқаға - нашар, жаман адамға)
1. Жолдасың соқыр болса,
Сен де бір көзіңді қысып қой.
(соқыр - ауыспалы мағынада, надан болса, сұғанақ болса, аңғал болса т. б. )
1. Ешкі егіз туып, қойдан көп болмас.
(туып - лақтап)
1. Қарғаның бір көзі оқта, бір көз боқта.
(боқта - жаман нәрседе)
1. Сараң да бір, сасық су да бір.
(сасық - лас, иістенген)
1. Өсекшінің тілі қышып тұрады.
(өсекші - сөзуар)
1. Қысыр сөзде қырсық көп.
(қысыр - жаман, мәні жоқ)
1. Итпен жолдас болсаң, таяғыңды тастама.
(итпен - сенімсіз адаммен)
Ойын ойналады. Ойын шарты: мұғалім сөздерді оқыған кезде оқушылар әдепті сөз кездессе, "екі қолын қысып, қолдағандығы жөнінде ишарат білдіреді", әдепсіз сөз кездессе, "екі алақанымен екі бетін ұстап, ұялғандығы жөнінде ишарат білдіреді".
Өлді, өсекші, боқмұрын, сөз тасиды, боғы ботқа болу, соқыр, қайтыс болды, көзі көрмейді, о дүниелік болды, аяғын сілтіп басады, ақсақ, көз жұмды, қол салды, иттің ғана баласы, ұры, оңбаған, ұрлап алды, қаза болды, қолды болды, апатқа ұшырады, көзің шыққыр.
Орындалатын жаттығулар: 104-жаттығу. Берілген тапсырма: дөрекі сөздерді теріп жазу. 108-жаттығу. Берілген тапсырма: ырым-тыйымдарды талдау.
ҮІІ Бекіту сұрақтары.
Зымыран сұрақтар:
1. Ойды бейнелеп, көркемдеп жеткізудің тәсілі? Эвфемизм.
2. Мағынасы жағынан эвфемизмдерге қарама-қарсы құбылыс? Дисфемизм.
3. Дисфемизммен сөйлейтін адамдардың мәдениеті қандай? Төмен.
4. Әдеби тілдің үлгісіне жатпайтын тілдік құбылыс? Дисфемизм.
5. Әдепті, сыпайы сөйлеу мақсатынан шыққан құбылыс? Эвфемизм.
ҮІІІ Үйге тапсырма. 107-жаттығу. Халық ауыз әдебиеті үлгілерінен мысалдар
жазып келу.

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: