Пән: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Етістіктер
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға дара және күрделі етістік туралы мағлұмат беріп, сөйлем ішінен таба білуге; дара, күрделі етістіктерді бір-бірінен ажыратуға дағдыландыру. 
Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік: Оқушыларға дара және күрделі етістік туралы мағлұмат беріп, сөйлем ішінен таба білуге; дара, күрделі етістіктерді бір-бірінен ажыратуға дағдыландыру. 
2. Дамытушылық: шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаңа технологияны пайдалана отырып, білім сапасын арттыру. Сауатты жазуға қалыптастыру. 
3. Тәрбиелік: әрбір істі сапалы, ұқыпты орындауға тәрбиелеу. 
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: саяхат
Оқыту әдіс- тәсілдері: сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік әдісі. 
Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелі материал, кесте, слайд
Сабақтың құрылымдық жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
1. Шаттық шеңбері
2. Түгендеу
3. Сабаққа әзірлігін тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 
-Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. ЖБНИ
1. Жаттығу
ІV. Бекіту. 
"Көңілді санамақ" 
V. Қорытындылау. 
1. Сабақты қорытындылау
2. Рефлексиялық бағалау
3. Үйге тапсырма беру
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Барлығымыз шаттық шеңберін жасап бір-бірімізге амандасайық. 
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 
- Үйге берілген 11-жаттығудың орындалуын тексеремін. Дәптерлерін тексеріп шығамын. Бірнеше оқушыға оқытып, талдау жасатамын. 
ІІІ. Жаңа сабақ. Топқа бөліп аламын. 
 1. Ой шақыру: Етістік туралы білімдерімізді тірек-сызба бойынша есімізге түсірейік. 
 Сөз табы (қандай сөз?)
Етістік Не істеді? Не қылды? Қайтті?
 (нені білдіреді?) Іс-әрекет, қимыл
 oo Бүгінгі сабағымызда етістік туралы тағы да не білеміз?
 
		Страницы: 1 | 2 | 3 > >>
