Етістік

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Тақырыбы: Етістік.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік : Етістік сөз табы туралы толық түсінік беру, етістіктің негізгі мағынасы мен қызметі туралы ұғымдарын кеңейту.
Дамытушылық: Оқушылардың сауатты, әдемі жазуға, сөйлемді қатесіз
жазуға, сөздік қорын байыту, ойлау жүйесін дамыту.
Тәрбиелік: Топпен жұмыс істей отырып, жылдамдыққа, еңбекке,
ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ /жарыс түрінде/.
Әдіс – тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс, әңгімелеу.
Көрнекілік: Интерактивті тақта.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушыларының зейінін сабаққа аудару.
Сәлемдесу: Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз!
Ал енді балалар, келіп отырған қонақтарға біз еліміздің білімді, мәдениетті, үлгілі оқушы екенімізді көрсетейік.
Елбасымыз биылғы жолдауында былай депті.
«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде!»
Осы сөйлемді қалай түсінесіндер?
І. «Жауқазын» тобы
Атаң- анаң,
Қуат алар Отан содан.
Тең келмейді қатар оған,
Дұшпаның да бас иетін.
ІІ. «Бәйшешек» тобы
Тілің –ұлттық қасиетің.
Тартқан талай ұлыстар бар.
Тілсіздіктің қасіретін.
ІІІ. «Қызғалдақ» тобы
Қазақ тілі -өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым дара тілім.
Міне балалар, кемеңгер, ғұлама ақындарымыздың тілі –туған тіліміз –қазақ тілі сабағы. Сабағымыз жарыс түрінде өткізіледі, 3 топқа бөлінеді.
І- топ «Жауқазын», ІІ –топ «Бәйшешек», ІІІ –топ «Қызғалдақ».
Әділқазылар сайланады.
Таныстыру:
І. Топтың аты «Жауқазын»
Келдік біздер жарысқа,
Сөз тобының сырларын,
Баяндаймыз сайыста.
ІІ. «Бәйшешек» атты т

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: