222 Т. Рысқұлов атындағы орта мектептің 8в сынып оқушысы Мұхашова Ақбота
"Есіртеіге қарсы жастар мен жасөспірімдерге жолдау"
Қазақстан алыстан естігенде құлаққа майдай жаға кететін жылы да жағымды сөз. Тоғыз әріпті сөзді естігенде ойыңа жаңарып жатқан,тамырын бәйтеректей жайған,үлкені кішісіне қамқор болысқан,кішісі елінің берекесін ойлаған,жастары білімнің сырын ашқан,қарттары келешек қамын ойлаған,аналар ақ сүтін беріп аялаған,бөбектің тілдері елім деп қана сайраған,таудың ұшар басынажел тұрса да жантаймайтын,тас түссе де тоқтамайтын аяғынан нық тұрған айрандай ұйыған ел ойыңа түседі.
Осы шағын ғана мемлекеттің баршаға танымал болуы, ол біз,жастардың арқасында. Біз еліміздің патриотымыз,елімізге тер төгіп қызмет етеміз. Ол үшін өзімізді өзіміз қолға аламыз,жат қылықтан аулақ боламыз. Әрдайым бос уақытымызды кітап оқып,білім алумен өткіземіз. Және бұл болашақта жемісті істерге жетелейді. Бұл бізді де отанымызды да биіктен көрсетеді.
Ал енді бір сәт ойланып көрелікші. Қазіргі таңда жастардың барлығы дерлік бос уақытын кітап оқып,талпынумен өткізбейді. Олар ересекпіз деп ,аузына шылым салып,шылым шегумен ,есірткі саудасымен айналысады. Есірткі қолданып,оның торына түсіп,өз жанын сол тордың ішінде қалдырады. Бұл оның бүгініне де,болашағына да өз зиянын тигізеді. Ол тек өз өмірін құртып қана қоймай,отбасының да,отанының да еңсесін тік көтеріп жүре алмайтындай дәрежеге жеткізеді. Осылайша көк түтіннің зардабы қара түнекке алып кіреді де жоқ қылады.
Сондықтан да осы бастан ойланайық,болашаққа нық қадам жасайық!Сәулелі өмірді таңдап,зиянды заттар мен әрекеттерден аулақ болайық!Бұл біздің болашаққа деген дұрыс жасаған қадамымыз. Өзіміздің болашағымыз өз қолымызда!
Жарнамалық ұраны
Жас ұрпақ Қазақстанның болашағы біздің қолымы
Страницы: 1 | 2 > >>