Ерлікке тағзым ету ұрпақ парызы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

ШҚО. Семей қаласы
Балалармен жастардың шығармашылық сарайының
педагог- ұйымдастырушы Курманов Болат Анарбекович



"Ерлікке тағзым ету ұрпақ парызы" атты ерлік сабақ
Мақсаты:
Оқушы бойындағы патриоттық сезімін жоғарылату, Отанына деген намысшылдығын, сүйіспеншілігін арттыру. Отан қорғаушы ретінде азаматтық және адамгершілік қабілетін жоғары ұстауға тәрбиелеу. Қазақстан Республика Қарулы Күштері қатарына әскери борышын өтеуге міндетті екендігін сезіндіру.
Міндеттері:
Елбасының "Қазақстандық жол-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" Жолдауын жүзеге асыру, әскер жасына дейінгі жасөспірімдер арасында ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында бұл шарада ел өміріндегі әскери қызметтің маңыздылығы атап көрсетіледі. Болашағымызды жалғайтын жас толқынға Отан қорғаудың қасиетті борыш екендігін түсіндіруді көздеген Ерлік сабағы барысында жауынгерлердің Отан қорғаудағы, бейбіт елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы қалтқысыз қызметі жөнінде әдемі әңгіме өрбіту және оқушылар арасында танымдық сайыс сабақ өткізу.
Жүргізуші:
Қайырлы күн құрметті ардагерлер,қонақтар,бүгінгі шараға қатысушылар!
Әр азамат туған елінің өткені мен бүгінін біле отырып, алға қадам басады. Болашаққа рухани мәдинетімізбен қатар ұрпағының ұлттық қасиеттерін сақтауда тарихын үлгі етеді. Ендеше, бүгінгі "Ерлікке тағзым ету - ұрпақтың парызы" атты ерлік сабағын ашық деп жариялаймыз.
Жүргізуші:
Осы салтанатты жиынымызға арнайы шақырылған ардагерлерімізбен құрметті қонақтарымызды таныстырып өтейін:
1. ҰОС ардагері отставкадағы полковник Каймолдин Абдығали
2. Ұлттық Ұлан әскерінің ардагері отставкадағы подполковник Таймасов Сабыр Ахметжанович
3. Әскери патриоттық тәрбие орталығының жете

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: