Күні: 14. 12. 13
Пән: Қазақстан тарихы
Тақырыбы: " Еркіндік- ежелден ел тілегі"
Мақсаты: Ата-бабаларымыздың аңсаған азаттық пен тәуелсіздікті, жастардың бойына жеткізу. Еліміздің тәуелсіздігі жайлы білгендерін түйіндеп, интелектік қабілеттерін арттыру, патриоттық сезімдерін оятып, рухани жан дүниесін дамытуға талпындыру.
Көрнекілігі: Газеттер, нақыл сөздер, кітаптар.
Сабақтың түрі: сайыс
1. Ұйымдастыру:
Армысыздар ардақты ұстаздар, құрметті оқушылар, қадірменді қонақтар! Тәуелсіздіктің 21 жылдық мерекесі құтты болсын! Тарихқа көз жүгіртсек қазақ халқы қызыл қырғын, сары сүргің небір зұлым зұлматтармен қысым қиянаттарды бастан кешкенімен рухы сынып, тізесі бүгілмеген, жанар отты солмаған қарағайдай қайсар халық. Оған баба тарихы куә, оған азат елдің желбіреген байрағы куә, оған алаш ардақтыларының селдіреп қалған тұқым тұяқ біздер куә! Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі - еркіндік. Еліміздің еркін өмірдегі бүгінгі табыстарының бәрі де тәуелсіздіктің нәтижесі. Ендеше, құрметті қонақтар! Бүгінгі "Еркіндік- ежелден ел тілегі" атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Әділқазылар алқасымен таныстыру.
Сайысқа қатысушы екі топ. (әр топта 3 оқушы)
Ойын кезеңдері: (Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай)
1. Таңба.
2. Бәйге.
3. Ер есімі ел есінде.
4. Мәдени мұра.
5. Тәуелсіздік тарихы.
6. Қазақстан қандай дәрежеге жетті.
7. Тұлғаны таны.
8. Дуэль.
9. Еркін тақырып.
I-кезең "Таңба". Найзасыз - ер болмайды, таңбасыз-ел болмайды дегендей әр топ өз таңбаларымен танстырады. Сол таңба топ атты болып табылады.
II-кезең "Бәйге". (сұрақтармен жұмыс. Қай топ бірінші қолындағы белгіні көтерсе сол топ жауап береді)
1. КСРО - ның бірінші және соңғы пр
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>