Ортаңғы топтың ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в средней группе
Өткізу күні/Дата проведения:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Білім беру саласы/Образовательная область: Әлеуметтік орта. Социум.
Пән/Предмет: Қоршаған ортамен таныстыру
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: "Нан қайдан келді?"
Тақырыбы/Тема: "Ересектер еңбегі", "Жымию күні"
Мақсаттары/Цели:
1. Тәрбиелік - воспитательная: Балаларды ересектердің еңбегімен таныстыруда отбасының рөлі, еңбекке деген сүйіспеншіліктерін және құрмет сезімдеріне тәрбиелеу. Адам бойындағы жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.
2. Дамытушылық - развивающая: балаларды үлкендердің еңбегімен таныстыра отырып, жауапкершілік, шығармашылық сезімдерін дамыту.
3. Оқыту - обучающая: Балаларды ересектердің еңбектері жайлы білімдерін ойын, еңбек, бейнелеу іс-әрекеттерінде бекіту. Балаларды ересектердің еңбектеріне қатыстыру. "Жымию күні" мерекесі жайлы түсінік қалыптастыру.
Балаларға қазақ халқының ежелгі тұрағы киіз үй туралы мәлімет беру, Қазақ халқының дәстүрлі киіз үйімен ондағы заттармен олардың міндеттерімен және салттары мен дәстүрлерімен таныстыру.
Педагогикалық технологиялар/пед. технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, сұрақ - жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: интербелсенді тақта, суреттер, карточкалар.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
Ғажайып сәт: Сиқырлы сандықшаның ішінен хатты алып шығамын. Балалар бізде бүгін ерекше күн болмақ. Бізді бүгін барлығымызды егіс алқабына ересектердің еңбегімен танысу үшін саяхатқа шақырту жіберіпті.
-Дайынбыз ба? Саяхатқа немен барсақ болады?
-
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>