Ер есімі ел есінде сақталады
Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар және бүгінгі ертеңгілігіміздің қонақтары!
Сіздерді 9-мамыр Ұлы Жеңістің 65-жылдық мерекесімен құттықтаймыз! Аталарымыздың,әжелеріміздің ерлігімен келген бұл Жеңіс мерекесі ұрпағымыздың есінде мәңгі сақталады. Бүгінгі 2-кішкентайлар тобында өткізілгелі отырған "Ер есімі ел есінде сақталады" атты ертеңгілігіміз де Ұлы Жеңістің келбетін насихаттауға арналған.
Бүгінгі ертеңгілігімізді ашып,мерекелік лебізін білдіру үшін сөзді балабақша меңгерушісі Ұ. Аширбекова апайға береміз.
Хор: "Майданға"
Дамир:Жеңіс күні құтты болсын,
Құтты болсын аталар
Ұмытпайды ешқашан да,
Жауынгерді балалар
Тәрбиеші: Б. Момышұлы туралы өлең
Нұрсұлтан:Қайтпаған дауылдан
Кек алған жауынан
Халқымның қастерлі
Жайсаңы Бауыржан.
Қазақтың қаны үшін
Жүрегі ауырған
Елінің намысын
қорғаған Бауыржан
Тәрбиеші: Ә. Молдағұлова туралы өлең
Аружан: Жер мен көктің арасын
Шарпығанда қалың өрт
Әлия орыс қаласын
Азат етіп болды мерт
Гүлназ:Ол Жеңісті көрген жоқ
Келді кейін азат күн
Бірақ мәңгі өлген жоқ
Батыр қызы қазақтың
Тәрбиеші: М,Маметова туралы өлең
Айерке:Сонау жылы жер көкті
Соғыс бұлты торлаған
Сонда Мәншүк әпкеміз
Жаудан елді қорғаған
Үстінде сұр шинелі
Дулығасы болаттан
Мәншүк әпке күн түні
Жауға оқты боратқан
Тәрбиеші: Т. Бегелдиев туралы өлең
Ернұр:Батыр Талғат ағамыз
Құртып талай жау мысын
Мейірімді кескін жүз
Елге біткен мінезі
Кеудесінде қос жұлдыз
Екі рет батыр- бір өзі
Ақнұр: Алақай ай, әйгілі
9 май бүгін
Алғаш күні шаттықтың
Соңғы күні қайғының.
Аяжан: Ұлы күшке сенген күн
Фашист
Страницы: 1 | 2 > >>