Тақырыбы: "Елін сүйген,елі сүйген - Елбасы"
Мақсаты:
1. Балалардың Отан туралы түсініктерін кеңейту. Туған жеріне еліне деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту. Туған жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
2. Тұңғыш президент туралы әңгімелеу. Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық шағымен таныстыру.
Оқу іс-әрекеттің көрнекіліктері: Слайд, плакаттар.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу,тыңдау.
Сұрақ - жауап:
- Біздің мемлекетіміздің аты қандай?
- Біздің Елбасымыз кім?
- Тұңғыш президентіміз кім?
- Қазақстанның бас қаласы қай қала ?
- Қазір елді басқарып отырған президентіміз кім?
1- слайд - Президентіміз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Мемлекет басқару ісі - мәртебелі міндеті. Басшы басқарған ел - ең бай мемлекет, халқы -ең бақытты халық.
2-слайд - Астанамыз - Нұр-Сұлтан
3-слайд - "Балалық шағымның аспаны" (кинодан үзінді)
4-слайд - "Отан деген не?"
Айша
Анам мен әкем
Алинур
Ата, әжем
Ақсұлтан
балабақшам
Шыңғыс
достарым
Тақпақ: Алтынай, Нұрахмет, Айша, Тұран
Алтынай
Отан - деген атамекен,
Отан - деген туған жер.
Отан - ана, Отан - үлкен
Қазақстан - туған ел!
Нұрахмет
Асыл өлкем - ерекше,
Қазақстан - мекенім!
Беп-белгілі емес пе!
Сенің ғажап екенің!
Отан дейміз - от жаққан жерімізді,
Отан дейміз - өсірген елімізді.
Отан дейміз - туған жер, атамекен,
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
5-слайд "Рәміздер" (Елтаңба, Ту, Гимн)
6-слайд Ұлттық валютамыз - теңге.
7-слайд "Алматы қаласы"
Тақпақ: Алматы қаласы, апорт
Қуанамыз, күлеміз,
Бар әлемді сүйеміз.
Қол ұстасып, қуанып,
Достарымен бір жүреміз.
8-слайд &quo
Страницы: 1 | 2 > >>