Қармақшы аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемесі
275 орта мектеп
"Елін сүйген - Елбасы"
ашық тәрбие сағаты
Сыныбы 6 "Б"
Сынып жетекшісі Калиева Г.
Байқоңыр қаласы
БЕКІТЕМІН
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Э. Утеуова
Уақыты 30. 11. 2016ж. сағ. 1245
Өтілетін орны 216 кабинет
Сыныбы 6 "Б"
Тәрбие сағатының тақырыбы Елін сүйген - Елбасы
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға ҚР-ның Президенті Н. Ә. Назарбаев- тың өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру. Президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі - өнеге ету, сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту. "Мәңгілік ел" құндылықтарына тоқталу.
Оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Түрі тәрбие сағаты
Көрнекілігі: Елбасы Н. Назарбаевтың суреті, рәміздер, интерактивті тақта, суреттер. кітаптар, слайдтар көрсету, үнтаспа.
Барысы: І. Кіріспе
1- жүргізуші: Ел болдық, ерік алдық астаналы
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен басталады-деп бүгінгі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
2-жүргізуші: Сұрақ-жауап:
- Біз қай елде тұрамыз?
- Қазақстан Республикасында тұрамыз.
- Қазақстанның Елордасы қай қала?
- Елордамыз - Астана.
- Елбасымыз кім?
- Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Біз Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз бе?
- Әнұран, Ту, Елтаңба.
а) Қазақстан Республикасының Әнұраны орындал
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>