Сабақтың тақырыбы: Электростатикатарауы бойынша білімдерді бекіту (2 сағат)
Бірінші сабақ Арнайы конструкторлық бюроның жұмысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Әрбір оқушының және бүкіл сыныптың оқу материалын
меңгеру деңгейін анықтау,білімдерін тексеру,оқушылардың
есептерді шығара білу дағдыларын дамыту және бекіту.
Дамытушылық: ұжымдық және топпен жұмыс орындай білу
дағдыларын қалыптастыру,оқушылардың өздігінен ойлау,өз
жетістіктерін сезініп,әлсіз жоқтарына сын көзбен қрауға үйрету.
Тәрбиелік: қошаған ортадағы әр түрлі құбылыстарды түсіне
білу,түсіндіре білу,алған білімді күнделікті өмірмен байланыстыра
отырып,пайдалана білуге,ғылымға қызығушылықтарын ояту,өз
білімін ізденуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, физикадан электрондық оқулық (10 сынып), тесттер.
Сабақтың барысы:
Бұл сабақта сынып оқушылары 5 топқа бөлінеді.
1- топ: Анықтама бюросы,ол бастапқы қажетті берілгендерді айтып отырады.
Мысалы: Заряд дегеніміз не?
Электростатикалық өзара әсер дегенді қалай түсінуге болады?
Электр өрісі дегеніміз не?
Оған сан жағынан қалай сипаттама береміз?
Өріске сан жағынан сипаттама беретін жаңа ұғым - потенциал дегеніміз не?
Бұл топ осы мақсатта түрлі анықтамалармен, энциклопедиялармен т. б. әдебиеттермен жұмыс істейді.
2-топ. Ойлы орталық. Бұл топ жоғарыда туындаған сұрақтар бойынша гипотезалар мен ғылыми ойлар,заңдылықтар ұсынады.
3-топ. Экспериментаторлар. Бұлар қарастырылып отырған физикалық құбылыстың негізінде алынған конструкцияларды демонстрациялайды.
4-топ. Тарихшылар. Бұл топтағы оқушылар "электр заряды" -электрон-янтарьдың пайда болу тарихын баяндаса,Кулон заңы,Иоффе-Милликен тәжірибелер
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>