Елбасы – елімнің тірегі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

"21 кешкі мектебі" КММ
Тарих пәнінің мұғалімі Г. К. Манабаева
ШҚО, Жарма ауданы, Шуақ ауылы


Тақырыбы: "Елбасы - елімнің тірегі"
Мақсаты:
- Қазақтың Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
- Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу;
- Оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру;
Көрнекілігі: Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті,нақыл сөздері, "Балалық шағымның аспаны" фильмінен үзінді, слайдтар, үнтаспа.
Барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Қазақстан - егеменді ел, тәуелсіз ел,
Болашаққа нық басып буынған ел.
Көкке өрлеген, байрақты желбіретіп
Қуаныш пен шатыққа қадам басты ел.
Шартарапта шаттығыңдай азат күн,
Ғасыр сүйіп тұрғандайын ғажап күн!
Көк байрағы, Елтаңбасы, бірлігі,
Шалқи берсін Әнұраны қазақтың!
Қазақстан Республикасы әнұранын орындау. (слайд) 5 мин

Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар.
Қайырлы күн, құрметті қонақтар.
Желтоқсан Президент күніне арналған "Елбасы - елімнің тірегі" атты сағатымызды ашық деп жариялаймыз!
Кіріспе сөз
Тәуелсіздік! Қандай киелі сөз! Ата - бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт аңсап өткен киелі сөз! Осы тәуелсіздік жолында құрбан болған боздақтарымыз қаншама?! Олар елдің қамы, жердің қамы үшін қан төгіп, ақыр соңында солар төккен қызыл қанның арқасында "Тәуелсіздік" атты бақытты қолымызға қондыра білдік, осы киелі сөздің мағынасын ұғына білдік. Сондай оқиғаның соңғысы - "Желтоқсан оқиғасы". "Елім, жерім " деп қыршынынан қиылып, құрбан болған боздақтарымыздың есімдері сан ғасырлық тарихы бар елімізді

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: