Ел тарихын білесің бе

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Ел тарихын білесің бе?
/7 - 8 сынып оқушылары арасында өткізілген зияткерлік ойын/
Мектепте өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар оқушыны тәрбиелеу мен оқытудың бір формасы деуге болады. Сыныптан тыс жұмыстар балаларды біріктіріп қана қоймай, олардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға мол мүмкіндік береді және оқушының өзіне деген сенімін арттырады, оқушы мен мұғалім арасында берік қарым - қатынас орнап, мұғалімнің оқушыны танып - білуіне мол мүмкіндік туғызады.

Мақсаты: ойын барысында оқушылар Қазақ хандығының құрылғанына 550 - жыл толуына орай Қазақстан тарихы пәнінен түрлі тапсырмалар мен сұрақтарға жауап бере отырып, қазақ хандығының құрылу тарихымен танысады, қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке деген ұмтылысы, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалар, мәдениет төңірегіндегі сауалдарға жауап бере алады, оқушының ойлау қабілетін дамытып, тарих пәніне деген қызығушылығын арттырады;
Түрі: "Ел тарихын білесің бе?" атты зияткерлік ойыны Ойын барысында оқушылар сыныптар бойынша топтастырып, 6 - оқушыдан үш топқа бөлінеді. Әр топтан бір - бір капитан сайланады. Әрбір орындалған тапсырма 5 - 10 балдық жүйемен бағаланады.
Көрнекіліктер: сынып бөлмесін пәнге сай безендіру, тарих пәні бойынша түрлі тапсырмалар, қазақ хандарының суреттері, музыкамен көркемдеу;

І кезең "Миға арналған жаттығу" Командаларға 7 - сұрақ қойылады, көп ұпай алған команда ойынды бірінші бастауға мүмкіндік алады. Бұл кезеңде оқушының ойын жинақтау мақсатында төменгі сыныптарда өткен материалдар қамтылады:
1. Қожа Ахмет Йасауидің "Даналық кітабы" қай тілде жазылған? /араб/
2. Грек тарихшысы Геродот сақтарды қалай атаған?/массагеттер/
3. Қаңлы тайпаларының астанасы болған қала? /Битянь/
4. Сақ қоғамы неше топтан тұрады? /3

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: